Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
115-бап. Салықтық есептілікті ұсыну бойынша негізгі
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 115. Порядок вручения и исполнения уведомления
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 208. Порядок представления налогового заявления,
· толық сәйкестік кестесі
ережелер
1. Салықтық есептілікті ұсыну:
1) салық төлеушінің (салық агентінің) ұсынуын;
2) салық органының қабылдауын;
3) салық төлеушінің (салық агентінің) өзгерістер мен толықтырулар енгізуін;
4) салық төлеушінің (салық агентінің) ұсынуын тоқтата тұруды, қайта бастауды көздейді.
2. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тіркеуден кейін веб-қосымшада ұсынылуға тиіс салықтық есептілік нысандарын көрсетеді.
Салықтық есептіліктің басқа нысандарын ұсыну қажеттілігін көздейтін қызмет түрлері өзгерген жағдайда, салық төлеуші (салық агенті) салықтық есептілікті ұсыну мерзімі өткенге дейін веб-қосымшада ұсынылуға тиіс салықтық есептілік нысандарын көрсетеді.
Корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Құрылымдық бөлімшені салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді дербес төлеуші деп тану үшін салық төлеуші (салық агенті) салық органын электрондық түрде хабардар етуге және веб-қосымшада салықтық есептіліктің осындай құрылымдық бөлімше ұсынуға тиісті нысандарын көрсетуге міндетті.
3. Салықтық есептілікті салық төлеуші (салық агенті) қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында ұсынады.
Салықтық есептілік:
1) веб-қосымшалар;
2) салықтық мобильдік қосымша;
3) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салық органының ақпараттық жүйесіне қосылған сыртқы ақпараттық жүйелер арқылы электрондық құжат нысанында ұсынылады.
Есептілікті жасау бойынша түсінік берілген салықтық есептіліктің нысандарын және оларды ұсыну тәртібін (бұдан әрі – салықтық есептілікті ұсыну тәртібі) уәкілетті орган белгілейді.
«Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың қызметкерлері салықтық есептілікті ерекше тәртіппен ұсынады.
Салықтық есептілікті ұсынудың ерекше тәртібін арнаулы мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарымен, құқық қорғау органдарымен бірлесіп, уәкілетті орган айқындайды.
4. Осы Кодекстің Ерекше бөлігінде:
арнаулы төлемдер бойынша;
жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары бойынша;
ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушылардың;
бөлек салықтық есепке алуды жүргізу кезінде;
арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтық есептілікті жасау мен ұсыну ерекшеліктері белгіленеді.
5. Салықтық есептілік салықтық есептіліктің толық және дұрыс толтырылуын форматты-логикалық бақылауға жатады.
Форматты-логикалық бақылау – форматтарының дұрыс болмауы, мәндердің, сомалардың қалдырылып кетуі немесе сәйкессіздіктер секілді қателерді анықтауды қоса алғанда, салықтық есептілікті жасаудың берілген өлшемдері мен логикалық қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан салықтық есептілікте көрсетілген деректерді тексерудің автоматтандырылған процесі.
Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті):
1) ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда ұсынған салықтық есептілікті форматты-логикалық бақылау салық органының ақпараттық жүйесінде толтырған, қабылдаған және (немесе) өңдеген кезде жүзеге асырылады;
2) қағаз жеткізгіште ұсынған салықтық есептілікті форматты-логикалық бақылау салықтық есептілікті ұсыну тәртібіне сәйкес салық органының ақпараттық жүйесіне салық органының лауазымды адамы енгізгеннен кейін жүзеге асырылады.
Форматты-логикалық бақылау қорытындылары бойынша осындай салықтық есептілікке «Құжат қабылданды» деген мәртебенің берілуі салықтық есептілікті ұсынылды деп танудың міндетті шарты болып табылады.
Осы тармақтың үшінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген нысанда ұсынылған салықтық есептілікті форматты-логикалық бақылау қорытындылары бойынша «Құжат қабылданбады» деген мәртебе берілген жағдайда, мұндай салықтық есептілік ұсынылмады деп танылады.
6. Осы Кодексте белгіленген бастапқы немесе кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімі өткеннен кейін салық органының ақпараттық жүйесінде осы салықтық кезең үшін нөлдік көрсеткіштері бар тиісті салықтық есептілік автоматты түрде қалыптастырылады (бұдан әрі – автоматты салықтық есептілік).
Осы тармақтың ережелері дара кәсіпкердің қызметіне байланысты емес қызмет бойынша жеке тұлғалардың салықтық есептілікті ұсынуына қолданылмайды.
Салық органының ақпараттық жүйесінде қосымша салықтық есептілікті, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген есептілікті ұсыну мерзімі шегінде қағаз жеткізгіштегі салықтық есептілікті қоспағанда, қалыптастырылған автоматты салықтық есептілік сияқты салықтың, бюджетке төленетін төлемнің осындай түрі бойынша сол салықтық кезең үшін салықтық есептілік қабылданбайды.
Салық органының ақпараттық жүйесіне қағаз жеткізгіште бастапқы немесе кезекті салықтық есептілік енгізілгеннен және «Құжат қабылданды» деген мәртебе берілгеннен кейін осы салықтық кезең үшін қалыптастырылған автоматты салықтық есептілік жойылады.
7. Салық төлеуші осындай есептілікте көрсетілуге жататын салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болған кезде салықтық кезең үшін автоматты салықтық есептілікке қосымша салықтық есептілікті ұсынуға міндетті.
8. Салықтық есептілік мынадай:
1) салықтық есептілік уәкілетті орган белгілеген нысанға сәйкес келмеген;
2) салықтық есептілікте салық төлеушінің (салық агентінің) және (немесе) салық органының міндетті сәйкестендіру деректері және (немесе) салықтық есептілікті жасау күні және (немесе) түрі көрсетілмеген немесе дұрыс көрсетілмеген;
3) салықтық есептілікке қол қойылмаған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өз мөрімен куәландырылмаған;
4) байланыс желісінің болмауы себебінен қағаз шот-фактуралар жазып берілген жағдайда – қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілік салықтық кезең ішінде сатып алынған және (немесе) өткізілген тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімінсіз жасалған;
5) жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салықтық есептілік әрбір жеке тұлға бөлінісінде жеке тұлғалардың кірістерінен есептелген салықтар мен әлеуметтік төлемдер көрсетілмей жасалған жағдайларда, салық органының қабылдауына жатпайды.
9. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қоспағанда, салықтық есептілік кері қайтарып алуға жатпайды.
Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтарып алу осы Кодекстің 532-бабында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-115/