НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

122-бап. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұл мен

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

айыппұлдың артық төленген және (немесе) төленген сомаларын есепке жатқызу және қайтару тәртібінің негізгі ережелері
1. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің (есепке жатқызуға жатпайтын салықтар мен бюджетке төленетін төлемді қоспағанда) және өсімпұлдың төленген және (немесе) артық төленген сомасын есепке жатқызуды салық органы ұлттық валютада:
1) салық төлеушінің салықтық өтінішінсіз;
2) салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде жүргізеді.
2. Салықтың, бюджетке төленетін төлем мен өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу салық төлеушінің салықтық өтінішінсіз мынадай реттілікпен:
1) артық төленген сома түзілген және төлеу мерзімі басталған салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомаларын төлеу;
2) мынадай: артық төленген сома түзілген салық, бюджетке төленетін төлем түрі бойынша; салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша бересіні өтеу;
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген реттілікпен салықтар, бюджетке төленетін төлемдер бойынша өсімпұлды өтеу;
4) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген реттілікпен салықтар, бюджетке төленетін төлемдер бойынша айыппұлды өтеу есебіне жүргізіледі.
3. Салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша салықтың, бюджетке төленетін төлем мен өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу:
1) салық төлеушіде және (немесе) осындай салық төлеушінің құрылымдық бөлімшесінде салықтық берешек болмаған жағдайда, осындай өтініште көрсетілген салықтың және (немесе) бюджетке төленетін төлемнің тиісті түрі бойынша алдағы төлемдер;
2) мыналардың: осындай салық төлеушінің құрылымдық бөлімшесінің; егер салық төлеуші заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылса, мұндай заңды тұлғаның осындай өтінішінде көрсетілген салықтың және (немесе) бюджетке төленетін төлемнің тиісті түрі бойынша салықтық берешекті өтеу есебіне жүргізіледі.
4. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің (қайтарылуға жатпайтын салықтар мен бюджетке төленетін төлемді қоспағанда), өсімпұл мен айыппұлдың төленген және (немесе) артық төленген сомасын қайтаруды салық органы салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде салық төлеушінің осындай өтініште көрсетілген банктік шотына аудару арқылы жүргізеді. Осы Кодекстің мақсаттары үшін салық органының салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұл мен айыппұлдың артық төленген және (немесе) төленген сомасын, қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтаруы деп салық органының Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес тиісті төлем тапсырмасын ұсынуы түсініледі. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұл мен айыппұлдың төленген, оның ішінде артық төленген сомаларын қайтаруды салық органы салық төлеуші мен оның құрылымдық бөлімшесінде салықтық берешек болмаған кезде жүргізеді. Салықтық берешек болған жағдайда қайтару осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес салықтың, бюджетке төленетін төлем мен өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылады. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайда салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұл мен айыппұлдың артық төленген сомасының қалдығы есепке жатқызуды жүргізгеннен кейін қайтаруға жатады.
5. Мемлекеттік баждан басқа, салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық (қате) төленген сомасы: ағымдағы жыл; осындай сомалар төленген күнтізбелік жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде алдыңғы күнтізбелік жылдар ішінде төленген сомалар мөлшерінде есепке жатқызылуға және (немесе) қайтарылуға жатады. Мемлекеттік баждың артық төленген сомасы бюджетке мемлекеттік баждың осындай сомасы төленген күннен бастап үш жыл ішінде қайтаруға арналған құжаттар ұсынылған кезде қайтарылуға жатады.
6. Салық органы салықтың, бюджетке төленетін төлемнің төленген және (немесе) артық төленген сомаларын есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу мерзімін бұзған кезде есепке жазылған өсімпұл сомасы салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша бюджеттік сыныптаманың тиісті коды бойынша бюджетке түсетін түсімдер есебінен салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізілген күні аударылуға жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-122/