НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

123-бап. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

төленген сомасын есепке жатқызу және қайтару тәртібін айқындау және оның негізгі ережелері
1. Аудару кезінде мынадай қателердің кез келгені жіберілген:
1) төлем құжатында: салық төлеушінің немесе салық органының сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген; төлемнің мәтіндік мақсаты төлем мақсатының кодына және (немесе) кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодына сәйкес келмеген;
2) банк ұйымы салық төлеушінің төлем құжатын қате орындаған;
3) тіркеу есебінде тұрмайтын немесе салықтың немесе бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың осы түрі бойынша төлеуші болып табылмайтын салық төлеуші төлеуді жүргізген сома салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасы болып табылады.
2. Осы бапта көрсетілген қателердің біреуінің бар екендігі расталған кезде салық органы:
1) бюджеттік сыныптаманың тиісті кодына және (немесе) тиісті салық органына қате төленген соманы есепке жатқызуды жүргізеді;
2) салық төлеушінің банктік шотына қайтаруды жүргізеді.
3. Банк ұйымының сол бір төлем құжаты бойынша салық, бюджетке төлем, өсімпұл сомасын қайта аударуға алып келген салық төлеушінің төлем құжатын қате орындау фактісі расталған кезде салық органы банк ұйымының өтініші бойынша қате төленген соманы:
1) банктік шоттан ақша есептен шығарылған немесе банк ұйымының электрондық терминалы арқылы төлем қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылған жағдайда – салық төлеушінің банктік шотына;
2) ақша банк ұйымына қолма-қол ақшалай енгізілген немесе төлем банк ұйымының электрондық терминалы арқылы қолма-қол ақшалай нысанда жүзеге асырылған жағдайда, банк ұйымының банктік шотына қайтаруды жүргізеді.
4. Салық органы салық төлеушінің салықтық өтінішінде немесе банк ұйымының өтінішінде көрсетілген қателердің бар екенін растамаған кезде салық төлеушіге немесе банк ұйымына тиісті хабарлама ұсынылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-123/