Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
126-бап. Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 126. Признание налогоплательщика (налогового агента)
· толық сәйкестік кестесі
өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді
жүзеге асыратын салық төлеушілерге салықтың асып кету
сомасын қайтару тәртібі
1. Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді жүзеге асыратын салық төлеушілерге:
1) тұрақты өткізу кезінде – салықтың асып кету сомасы;
2) тұрақты емес өткізу кезінде – нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналым мақсаттары үшін пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылған салық сомасының бір бөлігі қайтарылуға жатады.
2. Бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде:
1) өткізу қатарынан үш салықтық кезеңде жүзеге асырылғанда;
2) салықтық кезеңде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналым өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымның кемінде 70 пайызын құрағанда, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету тұрақты өткізу деп танылады.
Бұл ретте көрсетілген салықтық кезеңдердің әрқайсысында мұндай өткізу тұрақты өткізу деп танылады.
Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру кезінде салықтың қайтаруға жататын асып кету сомасы қайтару туралы талап ұсынылған салықтық кезең үшін есепке жатқызылған салық сомасына тасымалдардың жалпы көлемінде халықаралық тасымалдардың іс жүзіндегі көлемінің үлес салмағын қолдану арқылы есептеледі.
3. Салықтың асып кету сомасын қайтару салық төлеушінің таңдауы бойынша:
1) осы Кодекстің 127-бабына сәйкес оңайлатылған тәртіппен;
2) осы Кодекстің 128-бабына сәйкес тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша жүргізіледі.
Салықтың асып кету сомасының бір бөлігін қайтарудың оңайлатылған тәртібін таңдаған кезде, салық төлеуші салықтың асып кету сомасының қалған бөлігін тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша қайтаруды талап етуге құқылы.
4. Салық органы оңайлатылған тәртіппен салықтың асып кету сомасын қайтару кезінде салық төлеушіге оңайлатылған тәртіппен салықтың қайтару расталған асып кету сомасы туралы хабарламаны ұсынады.
5. Салық органы тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша салықтың асып кету сомасын қайтару кезінде салық төлеушіге:
1) салықтың қайтарылуы расталған асып кету сомасын көрсете отырып, салықтық тексеру актісін;
2) осы Кодексте көзделген жағдайларда, салықтық тексеру актісіне қорытындыны ұсынады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-126/