НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

127-бап. Салықтың асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

тәртібі
1. Салықтың асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі салықтық тексеруді жүргізбестен, салықтық тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, салықтың асып кету сомасын қайтаруды жүзеге асырудан тұрады.
2. Асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін:
1) салықтық мониторингте тұрған, күнтізбелік жыл ішінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналымдарды жасаған;
2) нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналымдар салықтық кезеңде өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 50 пайызды құрайтын салық төлеушілер қолдануға құқылы.
3. Салықтың асып кету сомасы бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде:
1) қайтару туралы талапты ұсыну күнінде орындалмаған хабарлама болмағанда;
2) қайтару туралы талапты ұсыну күнінің алдындағы он екі ай ішінде салықтық тексеру нәтижелері бойынша салықтың қайтарылуы расталған асып кету сомасы болғанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық төлеушілерге қайтарылуға жатады.
4. Салық төлеушіге салықтың асып кету сомасын оңайлатылған тәртіппен қайтару – қайтару туралы талап ұсынылған күннен кейінгі он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-127/