НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

128-бап. Тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

салықтың асып кету сомасын қайтару тәртібі
1. Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді жүзеге асыратын салық төлеушіге оңайлатылған тәртіппен қайтарылмаған салықтың асып кету сомасы тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша қайтарылуға жатады.
2. Тақырыптық салықтық тексеру осы Кодекстің 15-тарауына сәйкес жүргізіледі.
3. Тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша салық органы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық қызметі қайта өңдеу өнімдерін сатып алушыға қатысты жүзеге асырған тексеру нәтижелері туралы салық органының сұрау салуына жауап алған кезде салықтық тексеру актісіне қорытынды жасайды. Салықтық тексеру актісіне қорытынды сұрау салуға жауап алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады және салық төлеушіге табыс етіледі.
4. Тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша салықтың асып кету сомасын қайтару кезінде салық органы:
1) салықтың қайтаруға ұсынылған асып кету сомасының анықтығын растау жөніндегі салықтық тексеру актісін жасайды, бұл ретте оған шағым жасау нәтижелерін ескереді (салық төлеуші шағым жасаған кезде);
2) осы Кодексте көзделген жағдайларда, салықтық тексеру актісіне қорытынды жасайды.
5. Тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша салықтың қайтарылуы расталған асып кету сомасы қайтару туралы талап көрсетіле отырып, салық бойынша декларацияны ұсыну мерзімі өткен күннен кейінгі елу бес жұмыс күні ішінде қайтарылуға жатады. Салықтық тексеру актісіне қорытынды негізінде салықтың асып кету сомасы салықтық тексеру актісіне қорытынды табыс етілген күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде қайтарылуға жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-128/