Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
130-бап. Грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар,
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 105. Возврат налога на добавленную стоимость по иным
· толық сәйкестік кестесі
көрсетілетін қызметтер бойынша төленген қосылған құн
салығын қайтару
1. Грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленген қосылған құн салығы (бұдан әрі осы параграфтың мақсатында – салық):
1) грант алушыға – Қазақстан Республикасына грант беру туралы халықаралық шартқа сәйкес бенефициар болып табылатын және егер көрсетілген халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, орындаушыны тағайындайтын мемлекеттік органға;
2) орындаушыға – грантты іске асыру мақсаттары үшін грант алушы болып тағайындалған тұлғаға қайтарылуға жатады.
2. Грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілерге төленген салықты қайтаруды салық органы, егер бір мезгілде мынадай шарттар сақталса:
1) қаражаты есебінен тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған грант мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желісінен берілсе;
2) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер оларды өткізу үшін грант берілген мақсаттарда ғана сатып алынса;
3) тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету грант алушымен не грант мақсаттарын жүзеге асыру үшiн грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес жүзеге асырылса, салықтық өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүргізеді.
3. Грант алушыларға немесе орындаушыларға салықты қайтару осы тараудың 1-параграфында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
4. Грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленген салықты қайтару үшін грант алушы немесе орындаушы тұрған жері бойынша салық органына мынадай құжаттарды:
1) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекет, шет мемлекеттің үкіметі не Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген халықаралық ұйым арасындағы грант беру туралы шарттың көшірмесін;
2) грант алушы не орындаушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушімен жасасқан шарттың (келісімшарттың) көшірмесін;
3) салықтық өтінішпен жүгінген кезде оның орындаушы ретінде тағайындалуын растайтын құжаттың көшірмесін;
4) тауарлардың тиеп жөнелтілгенін, жұмыстардың орындалғанын, қызметтердің көрсетілгенін және осы тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің алынғанын растайтын құжаттарды;
5) көрсетілген салық сомасын бөліп көрсете отырып, салық төлеуші болып табылатын өнім беруші жазып берген шот-фактураны;
6) жүкқұжатты, тауар-көлік жүкқұжатын;
7) грант алушының немесе орындаушының материалдық жауапты адамының тауарды алғанын растайтын құжатты;
8) орындалған және грант алушы немесе орындаушы қабылдаған жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің белгіленген тәртіппен ресімделген актілерін;
9) алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін ақы төленгенін, оның ішінде салықтың төленгенін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, салықтық өтінішті ұсынады.
Осы баптың ережелері салық төлеушілер болып табылмайтын грант алушыларға немесе орындаушыларға да қолданылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-130/