Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
133-бап. Салықтарды, төлемақыларды және (немесе) өсімпұлды
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
төлеу бойынша кейінге қалдыру (бөліп төлеу)
1. Салықтарды, төлемақыларды және (немесе) өсімпұлды төлеу бойынша кейінге қалдыру (бұдан әрі осы тараудың мақсатында – кейінге қалдыру) – уәкілетті орган он екі айдан аспайтын мерзімге кейінге қалдыруды беретін деңгейлес мониторингке қатысушыны қоспағанда, салық органының алты айдан аспайтын мерзімге тиесілі сомаларды толық көлемде біржолғы төлеу үшін неғұрлым кешірек мерзімді белгілеуі арқылы салық төлеушіге салықтарды, төлемақыларды және (немесе) өсімпұлды төлеу мерзімін өзгерту.
Салықтарды, төлемақыларды және (немесе) өсімпұлды төлеу бойынша бөліп төлеу (бұдан әрі осы тараудың мақсатында – бөліп төлеу) – уәкілетті орган он екі айдан аспайтын мерзімге кейінге қалдыруды беретін деңгейлес мониторингке қатысушыны қоспағанда, салық органының отыз алты айдан аспайтын мерзімге өсімпұлдың тиесілі сомаларын тең үлестермен төлеудің кезеңдік (ай, тоқсан) мерзімін белгілеуі арқылы салық төлеушіге салықтарды, төлемақыларды және (немесе) өсімпұлды төлеу мерзімін өзгерту.
Кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) беру тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.
2. Қаржылық жағдайы салықты және (немесе) төлемақыны белгіленген мерзімде төлеуге мүмкіндік бермейтін, алайда оларды төлеу мүмкіндігі кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу берілетін мерзім ішінде пайда болады деп пайымдауға жеткілікті негіздер бар салық төлеушіге салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мынадай негіздердің бірі болғанда:
1) салық төлеушіге еңсерілмейтін күш (әлеуметтік, табиғи, техногендік, экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар, әскери іс-қимылдар және еңсерілмейтін күштің өзге де мән-жайлары) салдарынан залал келтірілген;
2) салық төлеушінің тауарларды өндіруі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтерді көрсетуі және (немесе) өткізуі маусымдық сипатта болған;
3) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғаның мүліктік жағдайы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алуға болмайтын мүлікті есепке алмағанда) салықты біржолғы төлеу мүмкіндігін жоққа шығаратын;
4) сот берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған;
5) салық төлеуші қызметінің негізгі түрі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес стратегиялық маңызы бар экономика саласына жататын;
6) салық төлеуші қосымша салықтық есептілік ұсынған;
7) салық төлеуші тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың және (немесе) төлемақылардың есепке жазылған сомаларымен келіскен кезде берілуі мүмкін. Осы тармақшаның ережелері салық төлеуші ретінде тіркелген күнінен бастап кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру туралы өтініш берілген күнге дейінгі кезең бес жылдан кем болатын салық төлеушілерге қолданылмайды.
3. Кейінге қалдыру (бөліп төлеу) мынадай салықтарды:
1) төлем көзінен ұсталатын салықтарды;
2) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға акциздерді;
3) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға қосылған құн салығын;
4) қол қою бонусын;
5) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін салықтарды қоспағанда, ұсынылған салықтық есептілікке сәйкес салық төлеуші есептеген, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың деректері бойынша салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша салық органы есепке жазған салықтарға, төлемақыларға және (немесе) өсімпұлға қолданылады.
Кейінге қалдыру (бөліп төлеу) мынадай:
жер учаскелерін пайдаланғаны үшін;
қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақылар бойынша беріледі.
Кейінге қалдыру (бөліп төлеу) бір немесе бірнеше салық және (немесе) төлемақы бойынша беріледі, сондай-ақ салықтың және (немесе) төлемақының төлеуге жататын барлық сомасына не оның бір бөлігіне қатысты берілуі мүмкін.
4. Кейінге қалдыру (бөліп төлеу):
1) деңгейлес мониторингке қатысушыға – мүлік кепілінсіз және банк кепілдігінсіз;
2) өзге салық төлеушіге:
мүлік кепілінсіз және банк кепілдігінсіз;
салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қою арқылы және (немесе) банк кепілдігімен беріледі.
5. Салық төлеуші салықтарды, төлемақыларды және (немесе) өсімпұлды төлеу бойынша салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуге берген банк кепілдігі мынадай талаптарға сәйкес келуге:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар сақтала отырып берілуге;
2) кері қайтарып алынбайтын болуға;
3) мұндай кепілдіктің қолданылу мерзімі салықтық міндеттемені орындау мерзімдері өзгерген кезде салық органы белгілеген салықтарды, төлемақыларды және (немесе) өсімпұлды төлеу мерзімі өткен күннен бастап алты айдан кейін аяқталуға;
4) банк кепілдігі шарты бойынша төлеуге жататын ең жоғары ақшалай сома кепілгердің салықтарды, төлемақыларды және (немесе) өсімпұлды төлеу бойынша салықтық міндеттемені толық көлемде орындауын қамтамасыз етуге тиіс.
Банк кепілдігі шарты бойынша төлеуге жататын ең жоғары ақшалай соманың мөлшері бөліп төлеуді берген салық органының жазбаша келісуі бойынша осындай кепілдікпен қамтамасыз етілген салықтардың және (немесе) төлемақылардың төленген сомалары ескеріле отырып өзгертілуі мүмкін.
6. Кепілге берілетін мүлік мынадай талаптарға сәйкес келуге:
1) жоғалудан немесе зақымданудан сақтандырылуға, өтімді болуға;
2) мұндай мүліктің нарықтық құны, салық төлеуші белгіленген мерзім өткенге дейін салықтардың, төлемақылардың және (немесе) өсімпұлдың барлық сомасын төлеген жағдайды қоспағанда, салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту бойынша салық органы қабылдаған шешімнің қолданылу кезеңіндегі өсімпұлды, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту бойынша салық органы қабылдаған шешімнің қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде оны өткізуге арналған шығыстарды ескере отырып, төлеу мерзімі ауыстырылатын салықтардың, төлемақылардың және (немесе) өсімпұлдың сомасынан кем болмауға тиіс.
Мыналар:
тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
электр, жылу және өзге де энергия түрлері;
тыйым салынған мүлік;
салық органы қойған шектеулерді қоспағанда, уәкілетті мемлекеттік органдар шектеулер қойған мүлік;
үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлік;
жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның жалғыз тұрғынжайы;
тез бүлінетін шикізат, тамақ өнімдері кепіл нысанасы бола алмайды.
Салықтарды, төлемақыларды және (немесе) өсімпұлды төлеуді қамтамасыз ету үшін кепілге берілген мүлік қайта кепілге қоюға жатпайды.
Салықтардың, төлемақылардың және (немесе) өсімпұлдың төленуін қамтамасыз ету үшін мүлікті кепілге қою шарты уәкілетті орган бекіткен салықтардың, төлемақылардың және (немесе) өсімпұлдың төленуін қамтамасыз ету үшін мүлікті кепілге қоюдың үлгілік шартына сәйкес жасалады.
7. Деңгейлес мониторингке қатысушыны қоспағанда, салық төлеушіге кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) беруден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) уәкілетті орган айқындаған кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) беру тәртібінде көзделген негіздерге сәйкес келмеуі және талаптарды сақтамауы;
2) өтініш берген күнінің алдындағы екі жыл ішінде, салық органы белгілеген салықтарды, төлемақыларды және (немесе) өсімпұлды төлеу мерзімін бұзуына байланысты оған бұрын берілген кейінге қалдырудың (бөліп төлеудің) қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату фактісінің болуы.
Деңгейлес мониторингке қатысушыға кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) беруден бас тарту үшін уәкілетті органға өтініш берген күнінің алдындағы екі жыл ішінде, салық органы белгілеген салықтарды, төлемақыларды және (немесе) өсімпұлды төлеу мерзімін бұзуына байланысты оған бұрын берілген кейінге қалдырудың (бөліп төлеудің) қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату фактісінің болуы негіз болып табылады.
8. Кейінге қалдырудың (бөліп төлеудің) қолданысы:
1) кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) беру туралы шешімнің қолданылу мерзімі өткен соң;
2) мынадай:
кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) беру туралы шешімде белгіленген мерзім өткенге дейін салық төлеуші салықтардың, төлемақылардың және (немесе) өсімпұлдың барлық сомасын төлеген кезде;
заңды күшіне енген сот актісі бойынша;
кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) беру туралы шешімде көзделген салықтарды, төлемақыларды және (немесе) өсімпұлды төлеу мерзімі бес жұмыс күнінен астам мерзімге бұзылған кезде мерзімінен бұрын тоқтатылады.
9. Салық төлеуші белгіленген мерзім өткенге дейін салықтардың, төлемақылардың және (немесе) өсімпұлдың барлық сомасын төлеген жағдайды қоспағанда, кейінге қалдырудың (бөліп төлеудің) қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде салық органы:
1) салық төлеушіге кейінге қалдырудың (бөліп төлеудің) қолданысын тоқтату туралы хабарлайды;
2) екінші деңгейдегі банкке (кепілгерге) банк кепілдігі бойынша ақшалай соманы төлеу туралы талапты жібереді.
Банк кепілдігі бойынша міндеттемені екінші деңгейдегі банк (кепілгер) көрсетілген талапты алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде, мұндай талап кепілгерге оның қолданылу мерзімі өткен соң қойылуын қоспағанда, орындауға тиіс.
10. Салық төлеуші кейінге қалдырудың (бөліп төлеудің) қолданысын тоқтату туралы хабархатты алған күннен бастап үш жұмыс күні өткен соң салықтарды, төлемақыларды және (немесе) өсімпұлды төлеу туралы міндеттемені орындамаған кезде салық органы салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге қойылған мүлкіне өндіріп алуды қолданады.
Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті өткізу салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған, салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлікті өткізу тәртібімен жүзеге асырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-133/