НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

132-бап. Төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

мерзімдерін өзгерту туралы жалпы ережелер
1. Төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту – салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеудің осы Кодексте белгіленген мерзімін неғұрлым кешірек мерзімге ауыстыру не салықтық берешекті өтеу мерзімдерін ұзарту.
2. Төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту:
1) салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыру (бөліп төлеу);
2) импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту;
3) мемлекеттік баж төлеу бойынша кейінге қалдыру нысандарында жүзеге асырылады.
3. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту:
1) өнім өндіру кезінде пайдаланылатын импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы бойынша меншікті өндіріс тауарларын өндіруші – салық төлеушіге бір күнтізбелік жылға дейінгі кезеңге кейінге қалдыруды;
2) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген берешекті қайта құрылымдау рәсімі шеңберінде кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) беру жағдайларын қоспағанда, салық төлеушіні оларды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл төлеуден босатпайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-132/