НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

139-бап. Автоматтандырылған бақылаудың жалпы ережелері

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Автоматтандырылған бақылау – салық төлеушілердің жекелеген санатына жатқызылған салық төлеуші жазып берген электрондық шот-фактураға салық органының ақпараттық жүйесінде тіркеу нөмірін берудің автоматтандырылған процесі. Электрондық шот-фактураға тіркеу нөмірін беру кезінде автоматтандырылған бақылау операторының ақпараттық жүйесінде қосылған құн салығын төлеушінің салық шотының деректері (бұдан әрі осы параграфтың мақсатында – салық шоты) ескеріледі. Автоматтандырылған бақылау жүргізілетін салық төлеушілердің санаттарын уәкілетті орган бекітеді.
2. Осы параграфтың мақсаттары үшін:
1) қосылған құн салығының (бұдан әрі осы параграфтың мақсатында – салық) баланстық сомасын есепке алу;
2) электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін қамтамасыз ету шотына аударылған салық төлеушінің ақшасының сақталуын қамтамасыз ету;
3) электрондық шот-фактураны жазып беру үшін пайдаланылған салық төлеушінің ақшасын бюджетке аударуды қамтамасыз ету;
4) салық төлеушінің электрондық шот-фактура жазып беру үшін пайдаланылмаған ақшасын қайтару арқылы салық шотын жүргізетін уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға автоматтандырылған бақылау операторы болып танылады.
3. Автоматтандырылған бақылауды жүргізу қағидаларын уәкілетті орган белгілейді және олар мыналарды:
1) салық шотын жүргізу тәртібін;
2) салықтың баланстық сомасын есепке алу тәртібін;
3) салық шотын салық төлеушінің толықтыру тәртібін;
4) электрондық шот-фактура жазып беру үшін пайдаланылған салық төлеушінің ақшасын бюджетке аудару тәртібін;
5) салық төлеушінің ақшаны қайтару туралы өтінішін беру және оны қарау тәртібі мен мерзімдерін;
6) салық төлеушіге ақшаны қайтару тәртібін;
7) автоматтандырылған бақылауды жүргізу кезеңін қамтуға тиіс.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-139/