Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
14-бап. Өзара байланысты тараптар
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Өзара байланысты тараптар деп өзара қатынастары бар, мынадай шарттардың біреуіне не бірнешеуіне сәйкес келетін жеке және (немесе) заңды тұлғалар танылады:
1) бір тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа тұлғаның үлестес тұлғасы болып танылады;
2) бір тұлға басқа тұлғаның ірі қатысушысы болып табылады;
3) тұлғалар шартпен байланысты болады, оған сәйкес олардың біреуі екіншісі қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқылы болады;
4) заңды тұлға басқа заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе лауазымды адамының бақылауында болады;
5) бір заңды тұлғаның ірі акционері, ірі қатысушысы немесе лауазымды адамы басқа заңды тұлғаның ірі акционері, ірі қатысушысы не лауазымды адамы болып табылады;
6) заңды тұлға басқа заңды тұлғамен бірлесіп, үшінші тұлғаның бақылауында болады;
7) тұлға өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп, заңды тұлғаның не осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) – 6) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың қатысу үлестерінің он және одан көп пайызын иеленеді, пайдаланады, оған билік етеді;
8) акционерлік қоғамның тәуелсіз директорын қоспағанда, жеке тұлға осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) – 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаның лауазымды адамы болып табылады;
9) жеке тұлға заңды тұлғаның ірі қатысушысының не лауазымды адамының жұбайы (зайыбы), жақын туысы не жекжаты (жұбайының (зайыбының) аға-інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы), ата-анасы, ұлы немесе қызы) болып табылады.
Осы тармақтың мақсатында ірі қатысушы деп, акционерлік қоғамдарды қоспағанда, заңды тұлғаның мүлкіндегі үлесі он және одан көп пайызды құрайтын қатысушы түсініледі.
Заңды тұлғаны бақылау деп заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігі түсініледі.
2. Трансферлік баға белгілеу шеңберінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді түзету кезінде өзара байланысты тараптар Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-14/