Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
154-бап. Салық органының нұсқамасы
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Салық органының нұсқамасында:
1) салық органында нұсқаманың тіркелген күні мен нөмірі;
2) салықтық тексеру салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты тікелей тағайындалған жағдайларда – салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру деректері;
3) нұсқаманы шығарған салық органының атауы;
4) Кәсіпкерлік кодексте көзделген жағдайларда салықтық тексерудің түрі мен нысаны;
5) салықтық тексеру салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты тікелей тағайындалатын жағдайларда – хронометраждық зерттеп-қарауды қоспағанда, салықтық тексеру мерзімі, тексерілетін кезеңдер;
6) салықтық тексеру нақты салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты тағайындалмаған жағдайларда – аумақтың тексерілетін учаскесі, салықтық тексеру барысында анықталуға жататын мәселелер;
7) салық органының салықтық тексеруді жүргізуге уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес салықтық тексеру жүргізуге қатысу үшін тартылатын мамандардың тегі, аты және әкесінің аты қамтылуға тиіс.
Салық органының нұсқамасы электрондық құжат нысанында жазып берілуі мүмкін.
2. Хронометраждық зерттеп-қарауды қоспағанда, салықтық тексерулерді тағайындау кезінде салық органының нұсқамасында салықтық тексерудің нысанына қарай, тексеруге жататын мәселелер көрсетіледі.
Кешенді салықтық тексеру жүргізуге арналған нұсқамада тексерілетін салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің түрлері көрсетілмейді.
3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, нұсқамаға салық органының бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қояды.
Қарсы салықтық тексеруді, сондай-ақ хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізуге арналған нұсқамаға салық органы басшысының орынбасары не оны алмастыратын адам қол қоя алады.
4. Салық органы қосымша нұсқаманы мынадай:
1) салықтық тексеру жүргізу мерзімдері ұзартылған;
2) салық органының салықтық тексеруді жүргізетін лауазымды адамдарының саны өзгерген және (немесе) олар алмастырылған;
3) тексерілетін кезең өзгерген жағдайда жазып береді.
Қосымша нұсқамада:
1) алдыңғы нұсқаманың тіркелген күні мен нөмірі;
2) салық органы лауазымды адамдарының және осы Кодекске сәйкес салықтық тексеруді жүргізуге тартылатын мамандардың тегі, аты және әкесінің аты қамтылуға тиіс.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-154/