Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
153-бап. Салықтық тексеруді тағайындау
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
жағдайлары мен негіздері
1. Салықтық тексеру:
1) салық төлеуші (салық агентінің) осы Кодексте көзделген өтінішті, талаптарды берген;
2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер болған;
3) салық органы салықтық тексеруді жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайларда тағайындалады.
Салық органының салықтық тексеруді жүргізу туралы шешім қабылдау тәртібі мен негізін уәкілетті орган айқындайды;
4) жер қойнауын пайдалану құқығын жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне қайта ресімдеу жағдайларын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі өткен жағдайларда тағайындалады.
2. Салықтық тексеру нұсқама негізінде жүргізіледі.
3. Салықтық тексеру бұрын тексерілген кезеңге жүргізілуі мүмкін.
Бұрын тексерілген кезеңге салықтық тексеру:
1) салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші, талабы, шағымы бойынша;
2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша;
3) уәкілетті органның шешімі негізінде жүргізіледі.
Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға сотқа шағым берген жағдайда, бұрын тексерілген кезеңге шағым жасалған мәселе бойынша салықтық тексеру сот актісі заңды күшіне енгенге дейін жүргізілмейді.
4. Салық төлеуші деңгейлес мониторингте болған салықтық кезеңдерге салықтық тексеру жүргізілмейді, бұған мыналар:
1) қарсы тексерулер;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші, талабы, шағымы бойынша салықтық тексерулер;
3) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша салықтық тексерулер;
4) салықтық міндеттемені орындау мәселелері бойынша деңгейлес мониторинг жөніндегі уәжді шешіммен келіспеуге және (немесе) мұндай шешімді орындамауға байланысты салықтық тексерулер;
5) мынадай:
тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында халықаралық автомобиль тасымалдарымен жүзеге асырылатын алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде;
тауарларды ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде;
тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың болуы және тауарлар атауының, санының (көлемінің) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі мәселелері бойынша салықтық тексерулер;
6) сәйкестендіру құралдарының және есепке алу-бақылау маркаларының болуы мен төлнұсқалығы мәселелері бойынша салықтық тексерулер;
7) лицензияның болуы мәселелері бойынша салықтық тексерулер;
8) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында импортталатын және алып өтілетін тауарларға тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі мәселелері бойынша салықтық тексерулер;
9) бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін сақтау мәселелері бойынша салықтық тексерулер;
10) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын және акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру, сақтау және өткізу шарттарын сақтау мәселелері бойынша салықтық тексерулер;
11) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті таңбалауға жататын тауарлар бойынша тауарда сәйкестендіру құралының болуы және оның төлнұсқалығы мәселелері бойынша салықтық тексерулер;
12) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірісін және айналымын, сондай-ақ авиациялық отын, биоотын, мазут айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша салықтық тексерулер;
13) салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелері бойынша салықтық тексерулер;
14) трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша салықтық тексерулер кірмейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-153/