Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
157-бап. Қарсы салықтық тексеру
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 143. Встречная проверка
· толық сәйкестік кестесі
1. Қарсы салықтық тексеру – кешенді немесе тақырыптық салықтық тексеру жүргізілетін салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асырған тұлғаларды осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу, көрсетілген салық төлеушіні (салық агентін) салықтық тексеру барысында туындайтын мәселелер бойынша операциялар фактісі мен мазмұнын растау мақсатында қосалқы салықтық тексеру.
Бұл ретте қарсы салықтық тексеру талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде салық төлеушіні (салық агентін) тексеру кезеңіне сәйкес келетін кезеңге жүргізіледі.
2. Қарсы салықтық тексеру уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тағайындалады.
3. Қарсы салықтық тексеру деп:
1) тараптардың бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын, салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық немесе құқық қорғау органдарының, халықаралық ұйымдардың сұрау салулары бойынша;
2) деңгейлес мониторингке қатысушылармен операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру де танылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-157/