НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

160-бап. Салық органының лауазымды адамдарының салықтық

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері
1. Тексерілетін кезең үшін салықтық тексеруді жүргізу кезінде салық органының лауазымды адамдарының:
1) банк ұйымдарынан тексерілетін тұлғаның банктік шоттарының болуы және нөмірлері туралы құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ тексеруді жүргізу үшін қажетті, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктік құпияны құрайтын салық төлеушілердің (тексерілетін тұлғалардың) шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысына қатысты құжаттар және мәліметтерді талап етуге және алуға;
2) мемлекеттік органдардан тексеруді жүргізу үшін қажетті, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес коммерциялық, банктік, салықтық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;
3) қағаз және электрондық жеткізгіштерде есепке алу құжаттамасын, сондай-ақ салықтық тексеру нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті талап етуге және алуға;
4) салықтық тексеру барысында туындайтын мәселелер бойынша салық төлеушіден, оның ішінде оның жұмыскерлерінен жазбаша түсініктер талап етуге және алуға;
5) салықтық тексеруді жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша мемлекеттік және шет мемлекеттердің өзге де органдарына (ұйымдарына) сұрау салулар жіберуге;
6) салық төлеушіден (салық агентінен) бухгалтерлік және салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету деректерін қарауға және (немесе) олар пайдаланатын және: бастапқы есепке алу құжаттарының деректерін; бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерінің деректерін; салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйеге қол жеткізу құқығын беруді талап етуге құқығы бар. Кірістер мен шығыстарға қатысты деңгейлес мониторингті жүзеге асыру және салықтық тексеруді жүргізу барысында осындай талап қойылған жағдайды қоспағанда, осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережесі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банк құпиясын құрайтын мәліметтерді қамтитын банк ұйымдарының бағдарламалық қамтамасыз етілуіне және (немесе) ақпараттық жүйесіне қолданылмайды;
7) тұрған жеріне қарамастан, салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті зерттеп-қарауға, тексерілетін тұлғаның мүлкіне (тұрғын үй-жайлардан басқа), оның ішінде тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкестігіне түгендеу жүргізуге;
8) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді осы Кодексте айқындалған тәртіппен жанама әдіспен айқындауға;
9) осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Салықтық тексеруді жүргізу кезінде салық органының лауазымды адамдары:
1) тексерілетін тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға, құқыққа сыйымсыз шешімдермен және әрекеттермен (әрекетсіздігімен) тексерілетін тұлғаға зиян келтіруге жол бермеуге;
2) салықтық тексеруді жүргізу кезінде алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексерілетін тұлғаның келісімінсіз олардың мазмұнын жария етпеуге;
3) қызметтік әдепті сақтауға;
4) салықтық тексеруді жүргізу кезеңінде тексерілетін салық төлеушінің белгіленген жұмыс режимін бұзбауға;
5) тексерілетін тұлғаның талап етуі бойынша салықтық тексерулерді жүргізу тәртібіне қатысты осы Кодекстің ережелері туралы қажетті ақпарат беруге;
6) салықтық тексеруді жүргізу кезінде тексерілетін тұлғаның өкілдеріне нұсқаманы, сондай-ақ өздерінің қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын көрсетуге;
7) осы Кодексте көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-160/