НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

165-бап. Хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу ерекшеліктері

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Хронометраждық зерттеп-қарау салық төлеушінің (салық агентінің) және (немесе) оның өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.
2. Хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу үшін салық органы зерттеп-қаралатын салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті бойынша мәселелерді өзі дербес айқындайды. Міндетті түрде зерттеп-қарауға мыналар:
1) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер жатады. Салық органының, қажет болған кезде, салық төлеушінің тауарлық-материалдық құндылықтарына түгендеу жүргізуге құқығы бар;
2) ақшаның, ақша құжаттарының, бухгалтерлік кітаптардың, есептердің, сметалардың, бағалы қағаздардың, есеп-қисаптардың, декларациялардың және зерттеп-қаралатын салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге байланысты өзге де құжаттардың болуы;
3) бақылау-касса машинасының фискалдық есебі жатады.
3. Хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізетін салық органының лауазымды адамы хронометраждық-байқау карталарына зерттеп-қарау барысында алынған мәліметтердің толық және дәл енгізілуін күн сайын қамтамасыз етеді. Хронометраждық-байқау картасы әрбір салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге, сондай-ақ басқа да әрбір кіріс алу көзіне жасалады. Хронометраждық-байқау картасында:
1) салық төлеушінің сәйкестендіру деректері және қызмет түрі;
2) хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу күні, оның басталу және аяқталу уақыты;
3) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің тұрған жері;
4) өткізілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны;
5) зерттеп-қаралатын салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект жөніндегі деректер;
6) зерттеп-қарау нәтижелері қамтылуға тиіс.
4. Күн сайын зерттеп-қаралатын күннің соңында барлық зерттеп-қаралатын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер, сондай-ақ басқа да кіріс алу көздері бойынша жиынтық кесте жасалады.
5. Хронометраждық-байқау картасы мен жиынтық кестеге салық органының лауазымды адамы және салық төлеуші немесе оның өкілі міндетті түрде қол қояды және ол хронометраждық зерттеп-қарау актісіне қоса беріледі. Хронометраждық-бақылау картасына, қажет болған кезде, растайтын құжаттардың, есеп-қисаптардың және зерттеп-қарау барысында алынған басқа материалдардың көшірмелері қоса беріледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-165/