Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
164-бап. Құжаттарды ұсыну туралы талап
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Салық органының нұсқамасы табыс етілген кезде салық төлеушіге (салық агентіне) құжаттарды ұсыну туралы талап табыс етілуі мүмкін.
Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылған салық төлеушілерді тексерулерді қоспағанда, тексеру жүргізу уақытында құжаттарды ұсыну туралы талап екі реттен асырмай табыс етіледі.
2. Салық төлеушінің (салық агентінің) құжаттарды ұсыну туралы талапты орындау мерзімі табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.
Салық төлеуші (салық агенті) құжаттарды ұсыну туралы талапты орындау үшін қосымша мерзімнің қажеттілігі туралы өтінішхат жолдаған жағдайларда, салық органы сұратылатын құжаттардың көлемін негізге ала отырып, орындау мерзімін отыз жұмыс күніне дейін ұзарта алады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-164/