НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

167-бап. Бейрезиденттің салықтық өтініші негізінде бюджеттен табыс

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

салығын қайтару мәселесі бойынша тақырыптық салықтық тексеруді жүргізу ерекшеліктері
1. Бейрезиденттің салықтық өтініші негізінде бюджеттен табыс салығын қайтару мәселесі бойынша тақырыптық салықтық тексеру талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде осындай өтініш берген бейрезиденттің кірісінен төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша салықтық міндеттемелерді орындауы тұрғысынан салық агентіне қатысты жүргізіледі.
2. Салық органы бейрезиденттің салықтық өтінішін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тақырыптық салықтық тексеруді тағайындайды.
3. Салық органы тақырыптық салықтық тексеруді жүргізу барысында құжаттарды мынадай тұрғыдан:
1) бейрезиденттің кірістерінен төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша салықтық міндеттемелерді салық агентінің толық орындауын;
2) бейрезиденттің осы Кодекске немесе халықаралық шартқа сәйкес тұрақты мекеме құруын;
3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес өтініш беруші-бейрезиденттің есептік тіркелуін, тіркеу есебін;
4) бюджеттен табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтініште көрсетілген деректердің анықтығын тексереді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-167/