НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

168-бап. Салықтық тексеруді жүргізу үшін аумаққа

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

және (немесе) үй-жайларға кіру
1. Тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) салық органының лауазымды адамдарының және салықтық тексеруді жүргізуге тартылатын өзге де адамдардың: кірістер алу үшін пайдаланылатын аумаққа және (немесе) үй-жайларға (тұрғын үй-жайлардан басқа); салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге зерттеп-қарау үшін кіруін; осы Кодекстің 160-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес бағдарламалық қамтамасыз ету деректерін қарауға қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті. Тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) салық органының лауазымды адамдарының және салықтық тексеруді жүргізуге тартылатын өзге де адамдардың: салық органының нұсқамаларын, сондай-ақ қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын; егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайларына кіру үшін арнаулы рұқсаттар қажет болса, арнаулы рұқсаттарды көрсеткен кезде кіруін қамтамасыз етуге міндетті.
2. Тексерілетін салық төлеуші (салық агенті):
1) нұсқаманы, сондай-ақ қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын көрсетпеген;
2) салық органының лауазымды адамдары және (немесе) салықтық тексеруді жүргізуге тартылатын адамдар нұсқамада көрсетілмеген;
3) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы рұқсат қажет болса, салық органының лауазымды адамдарында және (немесе) салықтық тексеруді жүргізуге тартылатын адамдарда салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайларына кіруге арнаулы рұқсат болмаған жағдайларда, аумағына және (немесе) үй-жайларына кіргізуден бас тартуға құқылы.
3. Салық органдарының салықтық тексеруді жүргізетін лауазымды адамдарының және салықтық тексеруді жүргізуге тартылатын адамдардың кіруіне тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) негізсіз бас тартқан және (немесе) кедергі келтірген жағдайда, рұқсат бермеу туралы акт жасалады.
4. Рұқсат бермеу туралы актіге:
1) салық органының салықтық тексеруді жүргізетін лауазымды адамдары;
2) мамандар;
3) тексерілетін салық төлеуші (салық агенті);
4) осы Кодекстің 182-бабында айқындалған тәртіппен тартылған куәгерлер қол қояды. Салықтық тексеру тағайындалған салық төлеуші (салық агенті) рұқсат бермеу туралы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, салық органының салықтық тексеру жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген лауазымды адамы осындай актіге бұл туралы тиісті жазба жасайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-168/