Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
177-бап. Мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 174. Контроль за соблюдением порядка учета, хранения,
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 177. Общие положения
· толық сәйкестік кестесі
алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің
сақталуын бақылау
1. Салық органы мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын бақылауды (бұдан әрі осы баптың мақсатында – бақылау):
1) мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін сақтау;
2) оны өткізген жағдайда бюджетке ақшаның толық және уақтылы түсуі;
3) мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті беру тәртібін сақтау;
4) ұсынылған мәліметтердің уақтылы және анық болуы;
5) мүлікті жою тәртібін сақтау мәселелері бойынша жүзеге асырады.
2. Бақылау мынадай:
1) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің;
2) коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берілген жергілікті атқарушы органдардың;
3) белгіленген тәртіппен мемлекет кірісіне айналдырылған деп танылған, меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз мүліктің (заттай дәлелдемелерді қоса алғанда) не меншік иесі меншік құқығынан бас тартқан заттың болуы, оны берудің толықтығы және уақтылығы мәселесі бойынша мемлекеттік мекемелердің;
4) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мүлікті сақтауға және өткізуге шарт жасасқан кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бақылау субъектілеріне қатысты жүзеге асырылады.
3. Салық органының бақылауды тағайындау туралы шешімі (бұдан әрі осы баптың мақсатында – шешім) бақылауды жүзеге асыруға негіз болып табылады.
Шешімде мынадай ақпарат:
1) шешімнің салық органында тіркелген күні мен нөмірі;
2) бақылау субъектісінің атауы мен сәйкестендіру нөмірі;
3) бақылауды тағайындау негіздемесі;
4) салық органының бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының, сондай-ақ бақылауды жүзеге асыруға тартылатын мамандардың лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты қамтылуға тиіс.
Маман бақылауды жүзеге асыруға арнаулы білім мен дағдыны талап ететін мәселелерді зерттеу және консультация алу үшін тартылады.
Маман ретінде арнаулы білімі мен дағдысы бар адам, оның ішінде Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының лауазымды адамдары тартылады.
Салық органының бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамы қойған, қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық құжат нысанында ұсынылған мәселелер бойынша маман бақылау барысында пайдаланылатын қорытынды жасайды.
Осындай мәселелер мен қорытындылардың көшірмелері бақылау актісіне, оның ішінде бақылау субъектісіне берілетін данасына қоса беріледі;
5) бақылауды жүзеге асыру мерзімі;
6) бақылау кезеңі;
7) бақылау субъектісінің шешіммен танысқаны және оны алғаны туралы белгісі қамтылуға тиіс.
Шешім бақылауды жүзеге асыру басталғанға дейін мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда мемлекеттік тіркелуге жатады.
4. Шешім бақылау субъектісіне осы Кодекстің 51-бабында айқындалған тәртіппен, осындай шешімді мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылған күннен кейінгі бес күн ішінде ұсынылады.
Бақылау субъектісі немесе бақылау субъектісінің басшысы (уәкілетті лауазымды адамы) шешімнің данасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, салық органының бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамы бас тарту туралы акт жасайды.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайда, бақылау субъектісі немесе бақылау субъектісінің басшысы (уәкілетті лауазымды адамы) бас тарту себептеріне жазбаша түсініктеме беруге міндетті.
Бақылау субъектісінің немесе бақылау субъектісі басшысының (уәкілетті лауазымды адамының) шешімді алудан бас тартуы бақылаудың күшін жоюға негіз болып табылмайды.
5. Мынадай:
1) бақылау субъектісі немесе бақылау субъектісінің басшысы (уәкілетті лауазымды адамы) шешімнің данасын алған;
2) бас тарту туралы акт жасалған күн бақылауды жүзеге асырудың басталуы деп есептеледі.
6. Бақылауды жүзеге асыру кезінде бақылау субъектісі мен бақылау субъектісінің лауазымды адамдары салық органының бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарына:
1) бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді алуға;
2) зерттеп-қарауды жүзеге асыру үшін бақылау объектілеріне кіруге жәрдем көрсетеді.
Салық органының бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарына осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасауға кедергі келтірілген кезде бақылауды жүзеге асыруға кедергі келтіру туралы акт жасалады.
Бақылауды жүзеге асыруға кедергі келтіру туралы актіге салық органының бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдары және бақылау субъектісі немесе бақылау субъектісінің басшысы (уәкілетті лауазымды адамы) қол қояды.
Бақылау субъектісінің немесе бақылау субъектісі басшысының (уәкілетті лауазымды адамының) бақылауды жүзеге асыруға кедергі келтіру туралы актіге қол қоюдан бас тартуы осы баптың 4-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде айқындалған тәртіппен ресімделеді.
7. Бақылау субъектісіне қатысты бақылау жылына бір реттен жиілетпей жүзеге асырылады.
8. Бақылауды жүзеге асыру мерзімі бақылауды жүзеге асыру басталған күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Бақылауды тағайындаған салық органы бақылауды жүзеге асыру мерзімін елу жұмыс күніне дейін ұзарта алады.
Бақылауды жүзеге асыру мерзімінің өтуі:
1) салық органының құжаттарды ұсыну туралы талабы бақылау субъектісіне немесе бақылау субъектісінің басшысына (уәкілетті лауазымды адамына) табыс етілген күннен бастап осындай талап бойынша құжаттар ұсынылған күнге дейінгі;
2) басқа салық органдарына, уәкілетті мемлекеттік органдарға, банк ұйымдарына және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға бақылау субъектісінің қызметі жөнінде мәліметтер және (немесе) құжаттар ұсыну туралы сұрау салу жіберілген күннен бастап осындай сұрау салу бойынша мәліметтер мен құжаттарды алған күнге дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрады.
9. Бақылауды жүзеге асыру мерзімін ұзарту, тоқтата тұру кезінде, сондай-ақ кезеңі және (немесе) салық органының бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарының тізімі өзгерген кезде шешімге қосымша шешім ресімделеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда, бақылау субъектісіне осы Кодекстің 48-бабында айқындалған тәртіппен хабархат ұсынылады.
10. Бақылау аяқталған соң салық органының бақылауды жүзеге асырған лауазымды адамы бақылау актісін жасайды.
Бақылау актісінде:
1) бақылауды жүзеге асыру орны, бақылау актісі жасалған күн;
2) бақылауды жүзеге асырған салық органының атауы;
3) салық органының бақылауды жүзеге асырған лауазымды адамдарының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты;
4) бақылау субъектісінің тегі, аты және әкесінің аты немесе атауы, басшысының (уәкілетті лауазымды адамының) тегі, аты және әкесінің аты, сәйкестендіру нөмірі, сондай-ақ бақылау субъектісінің мекенжайы;
5) келісімімен және қатысуымен бақылау жүзеге асырылған бақылау субъектісі лауазымды адамдарының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты;
6) алдыңғы бақылау және бұрын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтер;
7) жүзеге асырылған бақылау нәтижелері қамтылуға тиіс.
Бақылау актісі осы баптың 4-тармағында айқындалған тәртіппен бақылау субъектісіне бақылау аяқталған күннен кейінгі үш күн ішінде ұсынылады.
11. Жүзеге асырылған бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар болған кезде бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы талап жасалады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талап бақылау актісі бақылау субъектісіне табыс етілген күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.
12. Бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы талапты бақылау субъектісі осындай талапты алған күннен кейінгі отыз жұмыс күні ішінде орындауға тиіс.
Бақылау субъектісі бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы талапты орындау мерзімі ішінде бақылауды жүзеге асырған салық органына бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және (немесе) мүлікті өткізуден түскен сомаларды өндіріп алу туралы хабарлайды.
Бақылау субъектісі хабархатты бақылауды жүзеге асырған салық органына осы Кодекстің 50-бабында айқындалған тәртіппен ұсынады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-177/