Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
178-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
органдардың және Мемлекеттік корпорацияның қызметін
бақылау
1. Салық органы бюджетке төленетін төлемдердің дұрыс есептелуі, толық алынуы және уақтылы аударылуы мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және Мемлекеттік корпорацияның қызметін бақылауды (бұдан әрі осы баптың мақсатында – бақылау) жүзеге асырады.
2. Бақылау:
1) уәкілетті мемлекеттік органдар мен Мемлекеттік корпорацияның бақылау субъектілеріне қатысты бюджетке төленетiн төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық алынуы және уақтылы аударылуы, сондай-ақ салық органдарына мәліметтердің анық және уақтылы ұсынылуы мәселелерi бойынша жүзеге асырылады;
2) жергілікті атқарушы органдардың бақылау субъектілеріне қатысты бюджетке төленетiн төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық алынуы және уақтылы аударылуы, салық органдарына мүлікке, көлік құралдарына салынатын салық пен төлемдер бойынша мәліметтердің анық және уақтылы ұсынылуы мәселелерi бойынша жүзеге асырылады.
3. Салық органының бақылауды тағайындау туралы шешімі (бұдан әрі осы баптың мақсатында – шешім) бақылау субъектілерінің қызметіне бақылауды жүзеге асыруға негіз болып табылады.
Шешімде осы Кодекстің 177-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген ақпарат қамтылуға тиіс.
Шешім бақылауды жүзеге асыру басталғанға дейін мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда мемлекеттік тіркелуге жатады.
4. Шешім бақылау субъектісіне осындай шешімді мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылған күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Басшы (бақылау субъектісінің уәкілетті лауазымды адамы) шешімнің данасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, салық органының осындай бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамы бас тарту туралы акт жасайды.
Бақылау субъектісінің басшысы (уәкілетті лауазымды адамы) осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайда, бас тарту себептеріне жазбаша түсініктеме беруге міндетті.
Бақылау субъектісі басшысының (уәкілетті лауазымды адамының) шешімді алудан бас тартуы бақылаудың күшін жоюға негіз болып табылмайды.
5. Мынадай:
1) бақылау субъектісінің басшысы (уәкілетті лауазымды адамы) шешімнің данасын алған;
2) бас тарту туралы акт жасалған күн бақылауды жүзеге асырудың басталуы деп есептеледі.
6. Бақылауды жүзеге асыру кезінде осындай бақылау субъектісінің лауазымды адамдары салық органының бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарына:
1) осындай бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді алуға;
2) зерттеп-қарауды жүзеге асыру үшін бақылау объектілеріне кіруге жәрдем көрсетеді.
Салық органының бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарына осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасауға кедергі келтірілген кезде осындай бақылауды жүзеге асыруға кедергі келтіру туралы акт жасалады.
Бақылауды жүзеге асыруға кедергі келтіру туралы актіге салық органының осындай бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдары және бақылау субъектісінің басшысы (уәкілетті лауазымды адамы) қол қояды.
Бақылау субъектісі басшысының (уәкілетті лауазымды адамының) осындай бақылауды жүзеге асыруға кедергі келтіру туралы актіге қол қоюдан бас тартуы осы Кодекстің 177-бабы 4-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде айқындалған тәртіппен ресімделеді.
7. Бақылау субъектісіне қатысты бақылау жылына бір реттен жиілетпей жүзеге асырылады.
8. Бақылауды жүзеге асыру мерзімі осындай бақылауды жүзеге асыру басталған күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Осындай бақылауды тағайындаған салық органы бақылауды жүзеге асыру мерзімін елу жұмыс күніне дейін ұзарта алады.
Бақылауды жүзеге асыру мерзімінің өтуі:
1) бақылау субъектісінің басшысына (уәкілетті лауазымды адамына) салық органының құжаттарды ұсыну туралы талабы табыс етілген күннен бастап осындай талап бойынша құжаттар ұсынылған күнге дейінгі;
2) басқа салық органдарына, уәкілетті мемлекеттік органдарға, банк ұйымдарына және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға бақылау субъектісінің қызметі жөнінде мәліметтер мен құжаттарды ұсыну туралы сұрау салу жіберілген күннен бастап осындай сұрау салу бойынша мәліметтер мен құжаттарды алған күнге дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрады.
9. Бақылауды жүзеге асыру мерзімін ұзарту, тоқтата тұру кезінде, сондай-ақ кезеңі және (немесе) салық органының бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарының тізімі өзгерген кезде шешімге қосымша шешім ресімделеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда, бақылау субъектісіне осы Кодекстің 51-бабында айқындалған тәртіппен хабархат ұсынылады.
10. Бақылау аяқталған соң салық органының бақылауды жүзеге асырған лауазымды адамы бақылау актісін жасайды.
Бақылау актісінде осы Кодекстің 177-бабы 10-тармағының екінші бөлігінде айқындалған ақпарат қамтылуға тиіс.
Бақылау актісі осы баптың 4-тармағында айқындалған тәртіппен бақылау субъектісіне осындай бақылау аяқталған күннен кейінгі үш күн ішінде ұсынылады.
11. Жүзеге асырылған бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар болған кезде бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы талап жасалады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талап осындай бақылау жөніндегі акт бақылау субъектісіне табыс етілген күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы талапты осындай бақылау субъектісі көрсетілген талапты алған күннен кейінгі отыз жұмыс күні ішінде орындауға тиіс.
12. Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің дұрыс есептелуiне, толық алынуына және уақтылы аударылуына жауапты бақылау субъектісі бақылау нәтижелері бойынша анықталған салықтық берешек сомаларын өндіріп алуды жүзеге асырады.
13. Бақылау субъектілері салықтар мен бюджетке төленетiн төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық алынуы және уақтылы аударылуы, сондай-ақ салық органдарына мәліметтердің анық және уақтылы ұсынылуы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-178/