Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
18-бап. Бағалы қағаздарға байланысты ұғымдар
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бағалы қағаздарға байланысты ұғымдар:
1) борыштық бағалы қағаздар – бағалы қағаздарды шығару шарттарымен эмитенттің (борышкердің) борыштың негізгі сомасын төлеу жөніндегі міндеттемесін куәландыратын осындай бағалы қағаздар, оның ішінде мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, облигациялар;
2) борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт (бұдан әрі – дисконт) – борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны арасындағы оң айырма;
3) борыштық бағалы қағаздар бойынша купон (бұдан әрі – купон) – шығарылым шарттарына сәйкес эмитент борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнының үстінен төлейтін (төленуге жататын) сома;
4) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы – шығарылым шарттарымен купон төлеу көзделетін борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны мен номиналдық құны арасындағы оң айырма;
5) исламдық бағалы қағаздар – исламдық жалдау сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-18/