Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
19-бап. Ақшалай есеп айырысуларға және бақылау-касса
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
машиналарына байланысты ұғымдар
Ақшалай есеп айырысуларға және бақылау-касса машиналарына байланысты ұғымдар:
1) ақшалай есеп айырысулар – қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын және (немесе) мобильдік төлемдерді пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін жүзеге асырылатын есеп айырысулар;
2) бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі – касса машиналарының тізілімі) – уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат берген бақылау-касса машиналары модельдерінің тізбесі;
3) бақылау-касса машинасы – ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты тіркеу мен көрсетуді қамтамасыз ететiн, фискалдық жады блогы бар электрондық құрылғы және деректерді беру функциясы жоқ аппараттық-бағдарламалық кешен, деректерді тіркеп-белгілеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғы мен аппараттық-бағдарламалық кешен;
4) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы – бақылау-касса машинасының салық органында тіркелу (есептен шығарылу) фактісін растайтын есепке алу құжаты;
5) бақылау-касса машинасының чегі – сатушы (тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметтi берушi) мен сатып алушы (клиент) арасындағы ақшалай есеп айырысудың жүзеге асырылу фактісін растайтын, қағаз түрінде не электрондық тәсілмен берілген бақылау-касса машинасының бастапқы есепке алу құжаты;
6) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалы – көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшаны қабылдауға не төлем карточкаларын және (немесе) мобильдік төлемдерді пайдалана отырып есеп айырысуларға арналған электрондық-механикалық құрылғы;
7) сауда автоматы – қолма-қол ақша не төлем карточкаларын және (немесе) мобильдік төлемдерді пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы тауарларды өткізуді автоматты режимде жүзеге асыратын электрондық-механикалық құрылғы;
8) тауар чегі – бақылау-касса машинасының техникалық ақауы болған немесе электр энергиясы болмаған жағдайларда пайдаланылатын ақшалай есеп айырысудың жүзеге асырылу фактісін растайтын бастапқы есепке алу құжаты;
9) тауар чектерінің кітабы – кітапқа біріктірілген тауар чектерінің жиынтығы;
10) үш құрауышты интеграцияланған жүйе – деректерді тіркеп-белгілеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтерді көрсетуді, жұмыстарды орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш құрауышын алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе;
11) фискалдық белгі – бақылау-касса машинасының фискалдық режимде жұмыс істейтінін растау ретінде бақылау-касса машинасының чектерінде көрсетілетін айрықша символ;
12) фискалдық деректер – фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының фискалдық жадында не деректерді тіркеп-белгілеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының фискалдық деректерді жинақтауышында тіркелетін және салық органдарына берілген, фискалдық белгісі бар ақшалай есеп айырысулар туралы ақпарат;
13) фискалдық деректерді жинақтауыш – деректерді тіркеп-белгілеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасында жүргізілген ақшалай есеп айырысулар туралы ақпараттың түзетілмей тіркелуін және энергияға тәуелсіз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық құралдар кешені;
14) фискалдық деректер операторы – ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша салық органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін, фискалдық деректер операторларының тізбесіне енгізілген заңды тұлға;
15) фискалдық режим – ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді фискалдық деректер операторы арқылы салық органдарына бір мезгілде бере отырып, ақпараттың фискалдық жадыда не фискалдық деректерді жинақтауышта түзетілмей тіркелуін және энергияға тәуелсіз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін бақылау-касса машинасының жұмыс істеу режимі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-19/