НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

194-бап. Шағымды қараудан бас тарту

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Уәкілетті орган мынадай:
1) салық төлеуші (салық агенті) шағымды осы Кодекстің 192-бабы  1-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген шағым жасау мерзімін өткізіп алып берген;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы осы Кодекстің  193-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
3) салық төлеуші (салық агенті) үшін шағымды оның өкілі болып табылмайтын адам берген;
4) салық төлеуші (салық агенті) шағымда баяндалған мәселелер бойынша сотқа талап қою берген жағдайларда, салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудан бас тартады.
2. Уәкілетті орган:
1) осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда – шағым тіркелген;
2) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда – салық төлеушінің (салық агентінің) сотқа жүгіну фактісі анықталған күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде салық төлеушіге (салық агентіне) шағымды қараудан бас тарту туралы, мұндай бас тартудың себебін көрсете отырып, хабарлайды.
3. Уәкілетті органның осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда шағымды қараудан бас тартуы салық төлеушіні (салық агентін) осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім шегінде, жол берілген бұзушылықтарды жойған кезде шағымды қайта беру құқығынан айырмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-194/