Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
195-бап. Уәкілетті органның шағымды қарау тәртібі мен мерзімдері
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 181. Порядок рассмотрения жалобы, направленной в
· толық сәйкестік кестесі
1. Уәкілетті орган:
1) шағым тіркелген күннен кейінгі қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде – салықтық мониторингте тұрған салық төлеушілердің;
2) шағым тіркелген күннен кейінгі отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде – қалған салық төлеушілердің (салық агенттерінің) шағымы бойынша уәжді шешім шығарады.
Осы Кодекстің 196-бабында көзделген шағымды қарауды ұзарту және тоқтата тұру мерзімдері көрсетілген мерзімге енгізілмейді.
2. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде осы Кодекстің 198-бабында айқындалған тәртіппен тақырыптық салықтық тексеру, сондай-ақ қайталама тақырыптық салықтық тексеру тағайындауға құқылы.
3. Шағым салық төлеуші (салық агенті) шағым жасап отырған мәселелер шегінде қаралады.
4. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру барысында ұсынбаған құжаттарды шағымды қарауға берген жағдайда, уәкілетті орган мұндай құжаттардың анықтығын осы Кодекстің 198-бабында айқындалған тәртіппен тағайындалатын тақырыптық және (немесе) қайталама тақырыптық салықтық тексерулер барысында анықтауға құқылы.
5. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде:
1) салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) салықтық тексеруді жүргізген және салық төлеушiнің (салық агентiнің) салықтық тексерудің алдын ала актісіне қарсылығын қараған салық органдарына шағымда баяндалған мәселелер бойынша жазбаша түрде қосымша ақпарат не түсінік беру туралы сұрау салулар жіберуге;
2) мемлекеттік органдарға, шет мемлекеттердің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарға осындай органдар мен ұйымдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша сұрау салулар жіберуге;
3) шағымда баяндалған мәселелер бойынша салық төлеушімен (салық агентімен) кездесулер өткізуге;
4) салықтық тексеруді жүргізуге және салық төлеушiнің (салық агентiнің) салықтық тексерудің алдын ала актісіне қарсылығын қарауға қатысқан салық органының лауазымды адамдарынан туындаған мәселелер бойынша қосымша ақпарат және (немесе) түсінік сұратуға құқылы.
6. Шағымды қарау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде:
1) уәкілетті органның қызметіне араласуға;
2) шағымды қарауға қатысы бар лауазымды адамдарға қандай да бір ықпал етуге тыйым салынады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-195/