Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
198-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау тәртібі
1. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау және жүргізу туралы тапсырма жіберуге құқылы.
Бұл ретте тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау және жүргізу туралы тапсырма және осындай тексерудің нәтижелері бойынша жасалған салықтық тексеру актісі бойынша алдын ала шешім шығару талап етілмейді.
Тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау және жүргізу туралы тапсырма тексеруге жататын мәселелер көрсетіле отырып ресімделеді.
2. Тақырыптық салықтық тексеруді тағайындау және жүргізу туралы тапсырманы орындау кезінде мұндай тексеруді жүргізу, шағым жасалып отырған салықтық тексеруді уәкілетті салық органы жүргізген жағдайды қоспағанда, нәтижелеріне шағым жасалатын салықтық тексеруді жүргізген салық органына тапсырыла алмайды.
3. Тақырыптық салықтық тексеруді салық органы осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді және осындай тексеруді тағайындау және жүргізу туралы тапсырманы алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
4. Деректер жеткілікті дәрежеде айқын немесе толық болмаған, сондай-ақ тақырыптық салықтық тексеру барысында бұрын тексерілген мән-жайлар мен құжаттарға қатысты жаңа сұрақтар туындаған кезде уәкілетті орган оны қайтадан тағайындауға құқылы.
5. Уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімі тақырыптық және (немесе) қайталама тақырыптық салықтық тексерулердің нәтижелері ескеріле отырып шығарылады. Бұл ретте уәкілетті орган мұндай тексерулердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, ол шағым бойынша шешім қабылдау кезінде оларды ескермеуге құқылы, алайда мұндай келіспеу уәжді болуға тиіс.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-198/