Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
204-бап. Салықтық есепке алу қағидалары
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 192. Правила налогового учета
· толық сәйкестік кестесі
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алуды жүргізуді осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда есепке жазу әдісі бойынша теңгемен жүзеге асырады.
2. Есепке жазу әдісі операциялар мен өзге де оқиғалардың нәтижелері ақшаны немесе оның баламасын алған немесе төлеген күннен бастап емес, олардың жасалу фактісі бойынша, оның ішінде мүлікті өткізу немесе кіріске алу мақсатында жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген, тауарлар сатып алушыға немесе оның сенім білдірілген тұлғасына тиеп-жөнелтілген және берілген күннен бастап танылатын есепке алу әдісі болып табылады.
3. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық кезеңнің қорытындылары бойынша салықтық есепке алу негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындайды және салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептейді.
4. Салық салу мақсатында бағамдық айырманы есепке алу, оның ішінде бағамдық айырма сомасын айқындау халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Запастарды есепке алу халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте салық салу мақсатында запастардың құны – сатудың ықтимал таза бағасына дейін есептен шығару және сатудың ықтимал таза бағасының ұлғаюынан туындаған, бұрын есептен шығару жүргізілген запастарға қатысты қалпына келтіру арқылы запастар құнының өзгеруін есепке алмай айқындалады.
Запастарды бағалау әдісі өзгерген жағдайда мұндай ауысу салықтық кезеңнің басынан бастап жүргізіледі.
6. Валюта бағамының өзгеруіне байланысты теңгемен төленуге (алынуға) жататын міндеттемені (талапты) түзету (индекстеу) сомасы, осы Кодекстің 237-бабының 4-тармағында, 256-бабында, 257-бабының 7-тармағында және 288-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық салу мақсатында ескеріледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-204/