НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

206-бап. Есепке алу құжаттамасын жасауға және сақтауға

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

қойылатын талаптар
1. Салық төлеуші (салық агенті) есепке алу құжаттамасын қазақ және (немесе) орыс тілдерінде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде жасайды. Шет тілдерінде жасалған жекелеген құжаттар болған кезде салық органы салық төлеушіден (салық агентінен) олардың қазақ немесе орыс тіліне аудармасын талап етуге құқылы.
2. Салық төлеуші (салық агенті) есепке алу құжаттамасын электрондық нысанда жасаған кезде салықтық тексеру барысында салық органдарының лауазымды адамдарының талап етуі бойынша, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркелген шот-фактураларды, бухгалтерлік құжаттаманы және бастапқы есепке алу құжаттарын қоспағанда, осындай құжаттаманың көшірмелерін қағаз жеткізгіштерде ұсынуға міндетті.
3. Салық төлеуші (салық агенті) салық салу объектілеріне немесе салық салуға байланысты объектілерге қатысты есепке алу құжаттамасын салықтың немесе бюджетке төленетін төлемнің әрбір түрі үшін осы Кодекстің 65-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі өткенге дейін, бірақ кемінде бес жыл сақтайды. Есепке алу құжаттамасын сақтау мерзімі, егер олар белгілеген сақтау мерзімі осы тармақта белгіленген мерзімінен асып кететін болса, осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, осындай есепке алу құжаттамасының негізінде салықтық міндеттеме есептелген кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнен басталады.
4. Салық төлеуші І топтың тiркеп-белгіленген активінің, осы Кодекстің 303 – 313-баптарына сәйкес түзілген амортизацияланатын активтердің жеке топтарының, оның ішінде мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша берілген (алынған) тiркеп-белгіленген активтің құнын растайтын есепке алу құжаттамасын осындай актив бойынша амортизациялық аударымдар есептелген соңғы салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнен бастап бес жыл өткенге дейін сақтайды. Салық төлеуші II, III және IV топтың тiркеп-белгіленген активінің, оның ішінде мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша берілген (алынған) тiркеп-белгіленген активінің құнын растайтын есепке алу құжаттамасын осы Кодекстің 65-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде, бірақ осындай актив тiркеп-белгіленген активтер тобының құндық балансына енгізілген салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнен бастап кемінде бес жыл сақтайды. Салық төлеуші салық салу мақсатында амортизацияға жатпайтын активтердің құнын растайтын есепке алу құжаттамасын салық төлеушіде амортизацияға жатпайтын активтің шығып қалуы орындалған салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнен бастап бес жыл бойы сақтайды.
5. Салық салу объектілеріне немесе салық салуға байланысты объектілерге қатысты, салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодекстің 17-бөліміне сәйкес салықтық преференциялар мен жеңілдіктерді қолдануы көзделген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есепке алу құжаттамасы осы Кодекстің 65-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі бойы сақталады.
6. Салық төлеушіні қайта ұйымдастырған кезде қайта ұйымдастырылған тұлғаның есепке алу құжаттамасын сақтау жөніндегі міндеттеме оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-206/