Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
207-бап. Шот-фактураны жазып беруге міндетті
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
тұлғалардың санаттары
1. Шот-фактураны мынадай:
қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушілер – осы Кодекстің 50-тарауына сәйкес;
қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер (бұдан әрі – қосылған құн салығын төлемеушілер) – осы Кодекстің 208 және 209-баптарына сәйкес жазып беруге міндетті.
2. Шот-фактура осы Кодекстің ережелері ескеріле отырып, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша жазып беріледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-207/