Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
21-бап. Өзге де ұғымдар
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 1. Основные понятия, используемые в настоящем Кодексе
· толық сәйкестік кестесі
Өзге де ұғымдар:
1) айлық есептік көрсеткіш – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осы Кодексте айқындалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш;
2) әлеуметтік міндеттеме – әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттер;
3) валютаның ресми бағамы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық Банк белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамы;
4) ең төмен жалақы – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осы Кодексте айқындалған күнге қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшері;
5) есепке алынуы салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер (бұдан әрі – берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер) – есепке алынуын салық органы жүзеге асыратын салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер, өсімпұлдар мен айыппұлдар бойынша берешектің бар немесе жоқ екенін растайтын құжат.
Берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер нысаны уәкілетті орган айқындаған жеке шотты жүргізу тәртібімен (бұдан әрі – жеке шотты жүргізу тәртібі) белгіленеді;
6) кезең үшін валютаның орташа арифметикалық ресми бағамы – мынадай формула бойынша айқындалған бағам:
R = (R1 + R2 + ... + Rn)/n,
мұнда:
R – кезең үшін валютаның орташа арифметикалық ресми бағамы;
R1, R2., Rn – кезең ішінде кезеңнің әрбір жұмыс күніне белгіленген тиісті валютаның ресми бағамы;
n – кезеңдегі жұмыс күндерінің саны.
Бұл ретте осы Кодексте пайдаланылатын «кезең үшін валютаның орташа арифметикалық ресми бағамы» термині Ұлттық Банк жариялайтын, кезең үшін валюталардың орташа ресми бағамына сәйкес келеді.
7) қатысу үлесі – акционерлік қоғамдар мен пайлық инвестициялық қорларды қоспағанда, жеке және (немесе) заңды тұлғаның бірлескен қызметке, заңды тұлғаның жарғылық капиталына үлестік қатысуы;
8) негізгі қорлар сыныптауышы – бухгалтерлік және статистикалық есепке алу салаларындағы негізгі қорларды есепке алу мақсатында «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен негізгі қорлар сыныптауышы;
9) салық органының ақпараттық жүйесі – меншік құқығында уәкілетті органға тиесілі және салықтық әкімшілендіруге арналған ақпараттық жүйе;
10) салық органының сәйкестендіру деректері – салық органының атауы, коды, мекенжайы;
11) салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – салық төлеушілер базасы) – салық төлеушілерді салықтық тіркеуді жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе;
12) салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоты (бұдан әрі – жеке шот) – салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылған және қайтарылған) сомаларын, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың сомаларын есепке алуға арналған құжат;
13) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру деректері – тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) (бұдан әрі – тегі, аты және әкесінің аты) немесе атауы, сәйкестендіру нөмірі, тұрған жері, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) заңды тұлға болып табылатын жағдайларда – басшының тегі, аты және әкесінің аты;
14) салықтық мобильдік қосымша – салық төлеушінің электрондық көрсетілетін салықтық қызметтерді алуы және өзінің салықтық міндеттемелерін орындауы үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған және іске қосылған бағдарламалық өнім;
15) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері (бұдан әрі – нөмірлер тізілімдері) – қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірлерін және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), дара кәсіпкерлердің бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін тіркеу есебін жүзеге асыруға арналған мемлекеттік дерекқорлар;
16) тауарларға ілеспе жүкқұжат – тауарлардың қозғалысын бақылауға арналған, оның ішінде тауарлардың салық төлеушіге тиеп-жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжат;
17) ұтыс – салымдар мен борыштық бағалы қағаздар бойынша ұтыс ойындарын қоса алғанда, салық төлеушінің конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), лотереялар, ұтыс ойындары бойынша фестивальдарда заттай және ақшалай түрде алған кірісі, сондай-ақ құмар ойыннан және (немесе) бәс тігуден мүліктік пайда түрінде алған кірісі;
18) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі – салық органының шот-фактураларды электрондық нысанда жазып беруді, электрондық нысанда жазып берілген электрондық шот-фактураларды және орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актілерін, тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды қабылдауды, өңдеуді, тіркеуді, беруді және сақтауды жүзеге асыратын ақпараттық жүйесі.
Бұл ретте осы Кодексте пайдаланылатын «электрондық шот-фактура» термині «электрондық нысанда жазып берілген шот-фактура» ұғымымен бірдей болады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-21/