НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

22-бап. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Осы Кодексте көзделмеген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі міндет ешкімге жүктелмеуге тиіс.
3. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заңдарының арасында қайшылықтар болған кезде салық салу мақсаттары үшін осы Кодекстің нормалары қолданылады.
4. Осы Кодексте көзделген жағдайлардан басқа, салықтық қатынастарды реттейтін нормаларды Қазақстан Республикасының салықтық емес заңнамасына қосуға тыйым салынады.
5. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың осы Кодекс алдында басымдығы болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-22/