НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

219-бап. Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандары

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

және оларды жасау жөніндегі талаптар
1. Уәкілетті орган салықтық есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілікті жүргізуді жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер қолданатын бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын және (немесе) оларды жасау жөніндегі талаптарды белгілеуге құқылы. Аталған дара кәсіпкерлер электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде бастапқы есепке алу құжаттарын ресімдеуді жүргізуге де құқылы.
2. Салықтық тіркелімдердегі жазбалар бастапқы құжаттар негізінде жүргізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-219/