Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
220-бап. Салықтық есепке алуды жүргізу ерекшеліктері
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 203. Особенности ведения налогового учета
· толық сәйкестік кестесі
1. Дара кәсіпкерлер шетел валютасында жасалған операцияларды операция жасалған күнге белгіленген валютаның ресми бағамын қолдана отырып теңгемен қайта есептейді. Бағамдық айырма салық салу мақсатында есепке алынбайды.
2. Салықтық есепке алуда запастар дара кәсіпкер не ол уәкілеттік берген тұлға оларды алған кезде, оның ішінде дара кәсіпкер өзге де активтерді құрамнан ауыстыру арқылы негізгі құралдарды бөлшектеу нәтижесінде оларды өндіргеннен кейін өзіндік құны бойынша танылады.
Запастардың өзіндік құны сатып алуға, қайта өңдеуге жұмсалатын шығындарды, запастарды ағымдағы жай-күйіне жеткізу және ағымдағы орналасу орнына дейін жеткізіп беру мақсатында жүргізілген өзге де шығындарды қамтиды.
Сатып алуға жұмсалатын шығындар импорттық баждарды, салықтарды (өтелетіндерінен басқа), тасымалдауға, өңдеуге жұмсалатын шығыстарды және сатып алуға тікелей байланысты басқа да шығыстарды қамтиды. Өнім беруші ұсынған сауда жеңілдіктері, өнім берушінің төлемдерді қайтаруы және өзге де осыған ұқсас жеңілдіктер мен қайтарулар шығындарды айқындаған кезде шегеріп тасталады.
Запастарды қайта өңдеуге жұмсалатын шығындар шикізатты дайын өнім етіп қайта өңдеуге тікелей байланысты шығындарды, оның ішінде еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын тікелей шығындарды, сондай-ақ өндірістік үстеме шығыстарды қамтиды.
Салықтық есепке алу мақсаты үшін запастар бірлігінің өзіндік құны запастардың осындай бірлігіне осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген іс жүзіндегі шығындар бойынша айқындалады.
Дара кәсіпкер салықтық есепке алу мақсаты үшін запастар бірлігінің өзіндік құнын орташа өлшемді құн әдісі бойынша айқындауға құқылы. Орташа өлшемді құн әдісі бойынша запастардың өзіндік құны кезең басындағы запастардың және кезең ішінде сатып алынған (өндірілген) ұқсас запастардың өзіндік құнының орташа мәні ретінде айқындалады. Бұл әдісті таңдауды дара кәсіпкер салықтық есепке алу саясатында көрсету арқылы жүзеге асырады.
Тауарлар өндіруді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, сондай-ақ орташа өлшемді құн әдісін таңдаған дара кәсіпкерлер запастарды олардың келіп түсуі мен шығып қалуы кезінде салықтық тіркелімдерде ескереді, олардың нысанын дара кәсіпкерлер өзі дербес әзірлейді.
Запастардың ішкі орын ауыстыру арқылы түсуі дара кәсіпкердің кірісі болып табылмайды. Запастардың ішкі орын ауыстыруы деп олардың дара кәсіпкер тағайындаған бір материалдық жауапты тұлғадан сол дара кәсіпкер тағайындаған басқа материалдық жауапты тұлғаға ауысуы түсініледі.
Дара кәсіпкердің салықтық есепке алу мақсаты үшін запастарды сақтауға немесе алыс-беріс шикізаты ретінде беру запастардың шығып қалуы болып табылмайды.
Запастарды сақтауға алуды дара кәсіпкер сақтау шарты негізінде немесе егер дара кәсіпкер запастарды алса және осы запастарды берушілердің төлем талаптары шоттарының акцептінен және оларды төлеуден заңды негізде бас тартса, акцептен бас тарту туралы өтініш негізінде жүзеге асырады. Осындай запастардың құны дара кәсіпкердің кірісі болып табылмайды.
Мыналар:
1) актив ретінде тануды тоқтату, оның ішінде запастарды басқа жаққа өткізген, өтеусіз берген, өндіріс процесінде, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде және өзге де мақсаттар үшін пайдаланған, жарғылық капиталға жарна ретінде берген кезде, айырбастаған кезде, түгендеу кезінде жетіспеушіліктер анықталған, мүліктер ұрланған, бүлінген, сақтау мерзімдері өткен, моральдық тұрғыдан тозған кезде және тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан өзге де жағдайларда тануды тоқтату;
2) активті қайта сыныптау, оның ішінде негізгі құралдардың, өзге де активтердің құрамына аудару запастардың шығып қалуы болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-220/