НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

223-бап. Резидент-заңды тұлға

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Заңды тұлға:
1) заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған;
2) заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, тиімді басқару орны (нақты басқару органының тұрған жері) Қазақстан Республикасында болатын жағдайларда резидент деп танылады.
2. Нақты басқару органының (директорлар кеңесінің немесе соған ұқсас органның) басқару және (немесе) бақылау жүзеге асырылатын, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін қажетті шешімдер қабылданатын жиналысы өткізілетін орын тиімді басқару орны (нақты басқару органының тұрған жері) деп танылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-223/