Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
222-бап. Резидент-жеке тұлға
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 222. Плательщики
· толық сәйкестік кестесі
1. Жеке тұлға:
1) Қазақстан Республикасында тұрақты болатын;
2) өмірлік мүдделер орталығы Қазақстан Республикасында болатын жағдайларда резидент деп танылады.
2. Жеке тұлғаның осы салықтық кезеңде аяқталатын кез келген қатарынан он екі айлық кезеңде:
1) кемiнде күнтiзбелiк бір жүз сексен үш күн (келу және кету күндерiн қоса алғанда);
2) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген шарттарға сәйкес АХҚО-ның инвестициялық резиденті үшін кемiнде күнтiзбелiк тоқсан күн (келу және кету күндерiн қоса алғанда) Қазақстан Республикасында болуы салықтық кезең үшін Қазақстан Республикасында тұрақты болуы болып табылады.
3. Бір мезгілде мынадай шарттарды орындаған кезде:
1) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты немесе ықтиярхаты болса;
2) жеке тұлғаның жұбайы (зайыбы) және (немесе) жақын туыстары (олар болған жағдайда) Қазақстан Республикасында тұрса;
3) Қазақстан Республикасында жеке тұлғаның кез келген уақытта тұруы және (немесе) жұбайының (зайыбының) және (немесе) оның жақын туыстарының тұруы үшін қолжетімді, оған және (немесе) жұбайына (зайыбына) және (немесе) оның жақын туыстарына меншік құқығында немесе өзге де негіздерде тиесілі жылжымайтын мүлкі болса, өмірлік мүдделер орталығы Қазақстан Республикасында деп танылады.
4. Жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрған уақытына және осы бапта көзделген басқа да кез келген өлшемшарттарға қарамастан:
1) мемлекеттік билік органдары шет елге іссапарға жіберген жеке тұлға, оның ішінде дипломатиялық, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың қызметкері, сондай-ақ аталған жеке тұлғаның отбасы мүшелері;
2) тұрақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына немесе азаматтарына тиесілі көлік құралы экипажының мүшесі;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге көшірілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы;
4) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлердегі және Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасы субъектілерінің меншігі болып табылатын объектілерде (оның ішінде концессиялық шарттар негізінде) жұмыс істейтін жеке тұлға;
5) оқу, оның ішінде тағылымдамадан немесе практикадан өту, емделу немесе сауықтыру, профилактикалық рәсімдерден өту мақсатында, оқу, оның ішінде тағылымдамадан немесе практикадан өту, емделу немесе сауықтыру, профилактикалық рәсімдерден өту кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде болатын жеке тұлға;
6) сабақ беру, консультациялар беру немесе ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында аталған қызметтерді (жұмыстарды) көрсету (орындау) кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде болатын оқытушы және (немесе) ғылыми қызметкер резидент деп танылады.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын (немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаусыз Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтініш берген) жеке тұлғаға қолданылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-222/