НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

225-бап. Бейрезиденттер

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Бейрезидент – осы Кодекстің немесе қосарланған салық салуды болғызбау және салық төлеуден жалтарудың алдын алу мәселелерін реттейтін халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын тұлға. Бейрезидент-заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасында:
1) тұрақты мекеме құрмай;
2) тұрақты мекеме құру арқылы жүзеге асырады. Бұл ретте бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыруы тұрақты мекеменің құрылуына әкелуі мүмкін.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-225/