НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

226-бап. Бейрезиденттің тұрақты мекемесі

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Бейрезиденттің тұрақты мекемесі:
1) қызметтің тұрақты орны болған;
2) бейрезидент жалдаған жұмыскерлер немесе басқа персонал арқылы қызметтер көрсетілген, жұмыстар орындалған;
3) бейрезидент қызметті тәуелді агент арқылы жүзеге асырған;
4) бейрезидент бірлескен қызметті жүзеге асырған кезде бейрезиденттің қызметі Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылған жағдайда құрылады. Бейрезиденттің тұрақты мекемесі осы Кодекске сәйкес айқындалады. Халықаралық шарт болған кезде тұрақты мекеме осындай халықаралық шарттың ережелері ескеріле отырып айқындалады.
2. Қазақстан Республикасында:
1) бейрезиденттің кейінгі қызметі үшін: кез келген орынды бейрезидентке тиесiлi тауарды өткізбей оны сақтау және (немесе) көрсету мақсаттары үшін ғана пайдалану; тұрақты қызмет орнын ақпарат жинау, өңдеу және (немесе) тарату, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жарнамалау немесе олардың нарығын зерделеу үшiн ғана ұстау дайындық немесе көмекшi сипатқа ғана ие қызмет тұрақты мекеменің құрылуына алып келмейді. Бұл ретте дайындық немесе көмекшi сипаттағы қызмет бейрезиденттің өзі үшін жүзеге асырылуға тиіс және бейрезидент қызметінің негізгі түрлерінің бөлігі бола алмайды;
2) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстеу үшiн шетелдiк персоналды ұсыну бойынша қызметтер көрсету бір мезгiлде мынадай шарттар орындалған кезде: егер мұндай персонал өзi ұсынылған тұлғаның атынан және соның мүдделерiн көздеп әрекет етсе; шетелдiк персоналды ұсыну бойынша қызметтер көрсететiн бейрезидент ұсынылған персоналдың жұмыс нәтижелерi үшін жауапты болмаса; салықтық кезең ішінде бейрезиденттiң шетелдiк персоналды ұсыну бойынша қызметтер көрсетуден түсетін кірісі бейрезиденттiң көрсетілген кезең ішінде осындай персоналды ұсыну бойынша жалпы шығындары сомасының 10 пайызынан аспайтын болса, тұрақты мекеменің құрылуына алып келмейді. Бұл ретте мұндай кірістің мөлшері салықтық кезең ішінде шетелдiк персоналды ұсыну бойынша бейрезидент көрсеткен қызметтердің құны мен көрсетілген кезең ішінде бейрезиденттiң персоналды ұсыну бойынша жалпы шығындары сомасының құны арасындағы оң айырма түрінде айқындалады. Шетелдiк персоналдың кірістерін қоса алғанда, осындай қызметтер көрсетуге арналған шығындардың сомасын растау үшiн бейрезидент көрсетілетін қызметтерді алушыға Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жасалған бастапқы құжаттардың көшірмесін ұсынуға міндетті. Шетелдiк персоналды ұсыну бойынша қызметтер көрсететiн бейрезиденттің кірісінен корпоративтік табыс салығын есептеу мақсаттары үшін, осы тармақта белгіленген шарттар орындалған кезде, бейрезиденттің мұндай көрсетілетін қызметтері Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде көрсетілген қызметтер болып танылады.
3) Қазақстан Республикасының банктерінде тек қана банктік шот ашу мақсатында салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелу;
4) Қазақстан Республикасында мүлік сатып алатын салық агентінің міндеттемелерін ғана орындау үшін салық төлеуші ретінде тіркелу тұрақты мекеменің құрылуына алып келмейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-226/