НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

232-бап. Өзара келiсу рәсiмi

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Тұлға Қазақстан Республикасының халықаралық шарт жасасқан шет мемлекеттің құзыретті органымен:
1) егер уағдаласушы мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің әрекеттері осындай халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес келмейтін салық салуға алып келді немесе алып келеді деп есептесе, халықаралық шарттың ережелерін қолдану туралы мәселелені қарау үшін;
2) резиденттілік мәртебесін айқындау үшін өзара келісу рәсімін жүргізу туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінуге құқылы. 2. Өтініште тұлғаның талаптары негізделген мән-жайлар көрсетіледі. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ұсынылған өтінішке тұлға алынған (алынуға жататын) кірістердің және (немесе) ұсталған салықтардың (олар ұсталған жағдайда) сомасын растайтын бухгалтерлік құжаттардың көшірмесін, сондай-ақ:
1) жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге немесе өзге де мақсаттарға арналған келісімшарттардың (шарттардың, келісімдердің);
2) мынадай құжаттардың: заңды тұлғалар үшін: құрылтай құжаттарының не заңды тұлғаның құрылтайшыларын (қатысушыларын) және мажоритарлық акционерлерін көрсете отырып, сауда тізілімінен үзінді-көшірмелердің; заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тиімді басқару орнының (нақты басқару органының тұрған жерінің) бар екенін растайтын құжаттың (өткізілетін орны көрсетілген директорлар кеңесінің немесе осыған ұқсас органның жалпы жиналысы хаттамасының немесе басқару және (немесе) бақылау орнын, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін қажетті коммерциялық шешімдердің қабылданғанын растайтын құжаттардың; жеке тұлғалар үшін: жеке куәліктің немесе Қазақстан Республикасы паспортының; шетелдік паспорттың немесе азаматтығы жоқ адам куәлігінің; Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттың (ол болған кезде); Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжаттың (визаның немесе өзге де құжаттардың);
3) Қазақстан Республикасы және (немесе) шет мемлекет сотының заңды күшіне енген шешімінің (ол болған кезде) нотариат куәландырған көшірмесін қоса беруге міндетті. Тұлға өзара келісу рәсімін жүргізу үшін қажетті, осы тармақта көрсетілмеген өзге де құжаттарды ұсынуға құқылы. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ұсынылған өтінішке тұлға осы тармақтың екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса беруге міндетті.
3. Уәкілетті орган тұлғадан өзара келісу рәсімін жүргізу үшін қажетті қосымша құжаттарды ұсынуын талап етуге құқылы.
4. Уәкілетті орган мынадай:
1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарт жасаспаған мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізуге өтініш ұсынылған;
2) осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттар ұсынылмаған жағдайларда, өтініш ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тұлғаға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы шешімді жібереді. Уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша өтінішті қабылдаудан бас тартқан жағдайда, тұлға, егер олар жол берген бұзушылықтарды жойған болса, өтінішті қайта беруге құқылы.
5. Уәкілетті орган, осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күн мерзімі ішінде қарайды.
6. Уәкілетті орган өтінішті қараудың қортындысы бойынша мынадай:
1) өзара келісу рәсімін жүргізуден бас тарту туралы;
2) өзара келісу рәсімін жүргізу туралы шешімдердің бірін шығарады.
7. Уәкілетті орган мынадай:
1) өтініште көрсетілген негіздер Қазақстан Республикасының халықаралық шартының ережелеріне сәйкес келмеген;
2) тұлға анық емес ақпарат берген;
3) өтінішті қарау барысында тұлға осы баптың 3-тармағына сәйкес уәкілетті органның талап етуі бойынша қосымша құжаттарды ұсынбаған жағдайларда, өзара келісу рәсімін жүргізуден бас тарту туралы шешім шығарады. Өзара келісу рәсімін жүргізуден бас тарту туралы шешім тұлғаға шығарылған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылады. Қос резиденттік себебі бойынша өзара келісу рәсімін жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылданған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген негіздер бойынша бас тарту қолданылмайды.
8. Өзара келісу рәсімін жүргізу туралы шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органына осындай рәсім жүргізу туралы сұрау салумен жүгінеді.
9. Уәкілетті орган мынадай:
1) тұлға өзара келісу рәсімін жүргізуді тоқтату туралы өтініш ұсынған;
2) өзара келісу рәсімін жүргізу барысында тұлғаның анық емес ақпарат беру фактісі анықталған;
3) өзара келісу рәсімін жүргізу барысында тұлға осы баптың 3-тармағына сәйкес уәкілетті органның талап етуі бойынша қосымша құжаттарды ұсынбаған жағдайларда, шет мемлекеттің құзыретті органымен арада басталған өзара келісу рәсімін жүргізуді тоқтатады.
10. Уәкілетті орган өзара келісу рәсімін жүргізу қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы ақпаратты тұлғаға осындай шешім қабылданған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жібереді.
11. Осы бапта айқындалған тәртіппен жүргізілген өзара келісу рәсімінің қорытындылары бойынша қабылданған шешім, сондай-ақ шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы негізінде жүргізілген өзара келісу рәсімінің қорытындылары бойынша қабылданған шешім салық органдарының орындауы үшін міндетті.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-232/