НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

231-бап. Бейрезиденттің тұрақты мекемесін тіркеу

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

есебіне алу ерекшеліктері
1. Тұрақты мекеме құрылған кезде Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын бейрезидент осы Кодекстің 95-бабына сәйкес салық органында тіркеу есебіне алынуға жатады.
2. Бейрезиденттің тұрақты мекеменің құрылуына алып келетін қызметі қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап салық органдарында тіркеу есебіне қойылғанына немесе тіркеуші органда есептік тіркелгеніне қарамастан, тұрақты мекеменің қызметі ретінде қаралады. Келісімшарт (шарт) жасалған күн осындай тұрақты мекеме қызметінің жүзеге асырылуының басталған күні деп танылады.
3. Егер бейрезидент бір салық органында тіркелуге жататын екі және одан көп тұрақты мекеменің құрылуына алып келетін қызметті жүзеге асырса, онда бейрезиденттің осындай тұрақты мекемелер тобы бойынша жиынтығында бір тұрақты мекеме тіркелуге жатады.
4. Егер бейрезиденттің тіркелген тұрақты мекемесі болса және осындай тұрақты мекеменің тіркелген жерінен басқа жерде ұқсас немесе сол қызметті жүзеге асырса, онда ұқсас немесе сол қызметті жүзеге асыру тұрақты мекеменің құрылуына алып келеді және қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап ұқсас немесе сол қызметті жүзеге асыратын жерде тіркелуге жатады.
5. Егер бейрезиденттің тұрақты мекемесі салық төлеушілер базасынан шығарылған күннен кейін мұндай бейрезидент осы Кодекстің 228-бабында және 227-бабының 2-тармағында көрсетілген қызметті қатарынан он екі айлық кезең ішінде қайта бастаса, онда ол тұрақты мекеме құрған деп танылады және осындай қызметті жүзеге асыра бастаған күннен бастап салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады.
6. Егер бейрезидент қызметті қосарланған салық салуды болғызбау және салық төлеуден жалтарудың алдын алу мәселелерін реттейтін халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 226-бабының 2-тармағына сәйкес тұрақты мекеменің құрылуына алып келмейтін құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асыратын болса, онда бейрезиденттің мұндай құрылымдық бөлімшесіне бейрезиденттің тұрақты мекемесі үшін көзделген осы Кодекстің ережелері қолданылатын болады. Бұл ретте мұндай құрылымдық бөлімшенің осы Кодекстің 699, 700 және 701-баптарына сәйкес қосарланған салық салуды болғызбау және салық төлеуден жалтарудың алдын алу мәселелерін реттейтін халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-231/