НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

237-бап. Жылдық жиынтық кіріс

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасының жылдық жиынтық кірісі салықтық кезең ішінде осы тұлғаның:
1) Қазақстан Республикасындағы көздерден;
2) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлердегі көздерден алуына жататын (алынған) кірістерінен тұрады. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістер болып табылмайтын кірістердің барлық түрі төленген жеріне қарамастан, осы бөлімнің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлердегі көздерден алынған кірістер болып танылады. Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның жылдық жиынтық кірісі осы Кодекстің 688-бабында көрсетілген кірістерден тұрады.
2. Қосылған құн салығының және акциздің сомасы қосылмаған кірістің барлық түрі жылдық жиынтық кіріске енгізіледі, оның ішінде:
1) өткізуден түсетін кіріс;
2) құн өсімінен түсетін кіріс;
3) күмәнді міндеттемелер бойынша кіріс;
4) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін кіріс;
5) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс;
6) тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалуынан түсетін кіріс;
7) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін кіріс;
8) борышкерге ұйғарылған немесе борышкер таныған тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұл);
9) алынған өтемақылар;
10) сенімгерлік басқару құрылтайшысы алған (оның алуына жататын), мүлікті сенімгерлік басқарудан түсетін таза кіріс;
11) өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріс;
12) дивидендтер;
13) депозит, борыштық бағалы қағаз, вексель, исламдық жалдау сертификаты бойынша сыйақы;
14) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша кіріс;
15) оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі;
16) ұтыстар;
17) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін кіріс;
18) қалдықтарды көму полигондарын жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдаланудан түскен кіріс;
19) мемлекеттік кәсіпорынға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында бекітіп берілген негізгі құралдардың амортизациясына байланысты осындай кәсіпорынның халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес туындайтын кірісі;
20) туынды қаржы құралдары бойынша кіріс;
21) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша кіріс;
22) салықтық міндеттеме заттай нысанда орындалған жағдайда көмірсутектерді беру кезіндегі кіріс;
23) пайдалы қазбаларды геологиялық зерделеуге және өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетін кіріс;
24) кен орындарын игеру салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын игеру салдарын жою жөніндегі іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуінен түсетін кіріс;
25) осы Кодекстің 323-бабына сәйкес провизияларды (резервтерді) шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін төмендетуден түсетін кіріс;
26) цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаның кірісі;
27) цифрлық майнинг пулының кірісі;
28) цифрлық активтер биржасының кірісі;
29) запастарды бағалаудың жаңа әдісін қолданған кездегі оң айырма;
30) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланушы қалыптастырған банк салымы кепілінің сомасы толық немесе ішінара қайтарылған кезде алынған кіріс;
31) осы тармақтың 1) – 30) тармақшаларында көрсетілмеген басқа да кірістер. Мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет бойынша сенімгерлік басқарушы мен сенімгерлік басқару құрылтайшысының жылдық жиынтық кірісі осы Кодекстің 66, 68, 69, 70 және 71-баптарының ережелері ескеріле отырып айқындалады.
3. Егер сол бір кірістер кірістердің бірнеше баптарында көрсетілуі ықтимал жағдайда, көрсетілген кірістер жылдық жиынтық кіріске бір рет енгізіледі. Осы бөлімнің мақсаттары үшін кірісті тану күнін қоса алғанда, оны тану халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.. Кірісті халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындау және тану тәртібі кірісті осы Кодекске сәйкес айқындау және тану тәртібінен ерекшеленген жағдайда, мұндай кіріс салық салу мақсаттары үшін осы Кодексте айқындалған тәртіппен есепке алынады.
4. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес ішінара немесе толық мөлшерде алған, жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін қалыптастырған банк салымы кепілінің сомасы осындай қайтару жүргізілген салықтық кезеңнің жиынтық жылдық кірісіне енгізілуге жатады.
5. Осы бөлімде мынадай жағдайларда:
1) осы бөлімнің 27-тарауында – туынды қаржы құралдары бойынша;
2) осы бөлімнің 28-тарауында – ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша;
3) осы бөлімнің 29-тарауында – жер қойнауын пайдаланушылардың;
4) осы бөлімнің 30-тарауында – қаржылық қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың;
5) осы бөлімнің 31-тарауында – цифрлық активтермен жасалатын операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың кірістерін айқындау ерекшеліктері белгіленген.
6. Салық төлеуші кірістерді осы Кодекстің 256-бабына сәйкес түзетеді. Бұл ретте осы Кодекстің 256-бабына сәйкес түзетулер ескеріле отырып, жылдық жиынтық кірістің теріс мәні болуы мүмкін.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-237/