НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

238-бап. Корпоративтік табыс салығы мақсатында кіріс деп

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

танылмайтын экономикалық пайда
1. Мыналар салық салу мақсаттарында кіріс ретінде қарастырылмайды:
1) жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүліктің құны, сондай-ақ заңды тұлға қатысушысының осындай заңды тұлғаның мүлкіне қосымша жарнасы;
2) акционер немесе қатысушы, құрылтайшы алатын (алған), оның ішінде: заңды тұлғаны тарату немесе жарғылық капиталды азайту кезінде; эмитент-заңды тұлға шығарған акцияларды осы эмитент акционерден сатып алған кезде; заңды тұлға осы заңды тұлғаның қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін құрылтайшыдан, қатысушыдан сатып алған кездегі мүлікті бөлу кезінде бұрын енгізілген мүліктің орнына алатын (алған) мүліктің құны. Осы тармақшаның ережесі: эмитент өзі шығарған акцияларды орналастырудан алған, мүлік құнының осындай акциялардың номиналдық құнынан асып кетуі түріндегі қосымша төленген капитал ескеріле отырып, мүлікті бөлу жүзеге асырылатын акциялар санына тура келетін төленген жарғылық капиталдың мөлшері; заңды тұлға қатысушысының осындай заңды тұлғаның мүлкіне қосымша жарналары және заңды тұлғаның меншікті капиталы есебінен жарғылық капиталдың мөлшерін ұлғайту ескеріле отырып, мүлікті бөлу жүзеге асырылатын қатысу үлесіне тура келетін төленген жарғылық капиталдың мөлшері, бірақ осындай қатысушыдағы, құрылтайшыдағы мұндай қатысу үлесінің осы Кодекстің 251-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен айқындалатын бастапқы құнынан аспайтын мөлшері шегінде қолданылады;
3) акциялар эмитенті үшін – эмитент өзі шығарған акцияларды орналастырудан алған мүліктің құны;
4) мүлікті беретін салық төлеуші үшін – өтеусіз берілген мүліктің құны;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептен шығарылған салықтық берешектің сомасы;
6) егер жарнамалық мақсатта (оның ішінде сыйға тарту түрінде) өтеусіз алынған тауар бірлігінің құны тауарды осындай алу күнінде қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса, осындай тауардың құны;
7) осы Кодексте көзделген жағдайларда, салықтық міндеттеменің мөлшерін азайту сомасы;
8) бухгалтерлік есепке алуда халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес: егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, басқа адамнан алынуға жататын (алынған) активтердің және (немесе) міндеттемелердің құны өзгерген кезде; міндеттеменің іс жүзінде орындалуға жататын мөлшері мен бухгалтерлік есепке алуда танылған осы міндеттеменің құны арасындағы оң айырма түрінде міндеттеменің бухгалтерлік есепке алуда танылуына байланысты; аяқталмаған құрылыс объектісінің құнын ұлғайтатын сыйақының төленуге жататын (төленген) сомасы шегінде осындай объектінің құнын азайтатын, алынған (алынуға жататын) сыйақы мөлшерінде туындайтын кіріс;
9) бөлінбеген пайданың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес активтерді қайта бағалауға арналған резервтерді азайту есебінен ұлғайтылуы;
10) осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағында көзделген тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалуынан оң нәтиже мен бар болған жағдайда, осы Кодекстің 244-бабының 2-тармағында көзделген тіркеп-белгіленген активтердің шығып қалуынан түсетін кіріс ескеріле отырып, осы Кодекстің 279-бабының 12-тармағына сәйкес топтың құндық балансын азайту жүргізілген сома шегінде алынған сақтандыру төлемі;
11) егер мәміле шарттарында тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына кепілдік беру көзделген жағдайда, мәміледе белгіленген кепілдік мерзімі ішінде алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, кемшіліктерді жою жөніндегі көрсетілген қызметтердің құны;
12) мыналардың: Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иесіз деп танылған, энергия беруші ұйым өтеусіз негізде меншікке қабылдаған; энергия беруші ұйым мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органдардан, басқа да энергия беруші ұйымдардан немесе электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асырмайтын электр желілерінің меншік иелерінен балансқа өтеусіз негізде қабылдаған электр желілерінің (электр желілерінің бір бөлігі және (немесе) бір бөліктері) құны;
13) мемлекеттік меншіктен өтеусіз берілген, алынған техногендік минералды түзілімдер;
14) осы Кодекстің 277-бабының 5-тармағына және (немесе) 305-бабының 5-тармағына сәйкес күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының шартты коэффициентті қолдануы салдарынан пайда болған I топ объектілерінің құндық балансының және (немесе) амортизацияланатын активтер топтарының құндық балансының ұлғайтылуы;
15) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қор нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымнан қайырымдылық көмек шеңберінде өтеусіз алған мүліктің құны, мемлекеттік меншік объектілерін күрделі жөндеу, реконструкциялау құны;
16) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Көміртегі квоталарының ұлттық жоспарына сәйкес алынған парниктік газдар шығарындыларына квота түрінде өтеусіз алынған мүліктің құны;
17) адвокаттық кеңсе осы Кодекстің 497-бабында белгіленген талаптар сақталған кезде адвокаттық кеңседе қызметті жүзеге асыратын адвокаттардың есебінен және солардың мүдделері үшін жасасқан заң көмегін көрсету туралы шарт бойынша адвокаттық кеңсенің кірістері;
18) басқарушы орган 2019 жылғы 1 шілдеге дейін бекіткен, 2019 жылғы 1 тамыздан кешіктірілмей уәкілетті органға ұсынылған тізбе бойынша бұрын банк болып табылған заңды тұлғаға борышы кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) және (немесе) кредитке (қарызға) байланысты берешек бойынша ұйғарылған тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұл);
19) Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервінен бөлінген субсидиялар, гранттар немесе акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі коммуналдық меншіктегі және бір мезгілде электр энергиясын, суды (дистиллятты) және жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар үшін басқа да өтеусіз көмек алу.
2. Осы тармақта көзделген салық төлеушілер салық салу мақсаттарында жекелеген экономикалық пайданы мынадай кіріс ретінде танымайды:
1) меншікті активтерін орналастырудан алған кірістерді қоспағанда, «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзінің арнаулы резервін қалыптастыратын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымдардың кірістері;
2) Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес: кепілдік жағдайларды реттеу үшін резервті ұлғайтуға бағытталған қаражат шегінде алған кепілдік жарналар сомасы, көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысы аяқталғаннан кейін төлемдер бойынша талаптарды қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы, кепілдік жағдайларды реттеу үшін резервті ұлғайтуға бағытталған қаражат шегінде алған инвестициялық кірістер;
3) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алған: қатысушы сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша және төтенше жарналарының сомасы, зиянды өтеу резервін және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін ұлғайтуға бағытталған қаражат шегінде алған инвестициялық кірістер; өтелген депозиттер мен жүзеге асырылған кепілдікті және өтемақы төлемдері бойынша талаптарды қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесінде алған зейнетақы активтерінің инвестициялық кірістері;
5) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес МӘСҚ-ның активтерін ұлғайтуға бағытталған сомада алынған инвестициялық кірістер;
6) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін ұлғайтуға бағытталған инвестициялық кірістер;
7) мыналардан: акционерлiк инвестициялық қорлар Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық қызметтен алған және акционерлік инвестициялық қордың кастодианы есепке алған; АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген инвестициялық қорлар инвестициялық қызметтен алған және инвестициялық қордың кастодианы немесе басқарушы компаниясы есепке алған инвестициялық кірістер. Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасына немесе АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес қызметті жүзеге асыратын жылжымайтын мүлік қорларының кірістеріне қолданылмайды;
8) пайлық инвестициялық қордың активтерін инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензия негізінде сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компания үшін – осындай басқарушы компанияның сыйақысын қоспағанда, Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасына сәйкес пайлық инвестициялық қорлар алған және пайлық инвестициялық қордың кастодианы осындай деп таныған инвестициялық кірістер;
9) алыс-беріс шикізатынан бензинді, дизель отынын өндірген тұлғаның осындай бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отыны бойынша акцизді төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау есебіне алуға жататын (алынған) өтеу сомасы;
10) астық қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры: астық қабылдау кәсіпорындарынан алған жыл сайынғы міндетті жарналар сомасы, жүзеге асырылған кепілдік төлемдер бойынша талаптарды қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы;
11) мемлекет атынан алушы үшін – жер қойнауын пайдаланушыдан салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбалардың құны (ақшалай көрінісі);
12) есепке жазылған, бірақ төленбеген және осы Кодекстің 305-бабына сәйкес амортизацияланатын активтердің жеке тобын қалыптастыру мақсаттары үшін есепке алынуға жататын сыйақы мөлшерінде – жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияның немесе акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде осындай жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаның мiндеттемесiн стратегиялық серіктестің барлау кезеңінде коммерциялық табуға дейін есептен шығаруынан түсетін және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес инвестициялық қаржыландыру бойынша сыйақы жөніндегі кіріс;
13) ақшаны басқару процесінде ислам банкі инвестициялық депозиттер түрінде алған, осы инвестициялық депозиттер депозиторларының шоттарына бағытталған және соларда болатын кірістер. Мұндай кірістерде ислам банкінің сыйақысы қамтылмайды;
14) мемлекет атынан алушы немесе осындай өткізуді жүзеге асыруға мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға жер қойнауын пайдаланушыдан салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда алған пайдалы қазбаларды өткізуден түсетін кіріс;
15) мемлекет атынан алушының немесе мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлғаның жер қойнауын пайдаланушыдан салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты шығыстарды өтеуді білдіретін комиссиялық сыйақысы;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған венчурлік қор өтеусіз алған және «Астана Хаб» қатысушыларына өтеусіз беруге арналған мүліктің құны;
17) бюджет қаражатынан қаржыландыру, жеке және заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдықтары мен аударымдары, сондай-ақ «Дамуға ресми көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында айқындалған оператордың дамуға ресми көмек саласындағы қызметінен түсетін кірістер;
18) жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын теміржол тасымалдаушысының жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін Ұлттық инфрақұрылым операторынан өтеусіз негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифке 0 мөлшеріндегі уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып алуға байланысты туындайтын кірісі; 19) акцияларының бақылау пакеті Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қоры алған және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі шеңберінде туындаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асыруға арналған: жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шеңберінде міндетті және ерікті жарналардың сомасы; республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлуге байланысты туындайтын кірістер; көрсетілген кірістер кепілдік беру қорын ұлғайтуға жіберілген жағдайда кепілдік беру қорының активтерін орналастыру нәтижесінде алынған кірістер.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-238/