Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
24-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
негізгі мақсаты мен міндеті
1. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді, сондай-ақ салық салу қағидаттары негізінде салықтық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін салықтық құқықтық қатынастар тараптарының құқықтары мен міндеттерін белгілеу Қазақстан Республикасы салық заңнамасының негізгі мақсаты болып табылады.
2. Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу және төлеу, салықтық міндеттемелерді орындау үшін құқықтық негіздер құру Қазақстан Республикасы салық заңнамасының негізгі міндеті болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-24/