НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

25-бап. Салық салу қағидаттары

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

Қазақстан Республикасының салық заңнамасы осы Кодексте белгіленген салық салу қағидаттарына негізделеді. Салық салу қағидаттарына салық салудың міндеттілігі, айқындылығы, салық салудың әділдігі, салық салудың ашықтығы, салық төлеушінің (салық агентінің) адалдығы, салық жүйесінің біртұтастығы және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары жатады. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелері салық салу қағидаттарына қайшы келмеуге тиіс.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-25/