НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

245-бап. Алынған өтемақылар

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Өтемақы түріндегі кірістерге мыналар жатады:
1) талаптарды, оның ішінде бұрын күмәнді деп танылған және шегерімге жатқызылған құқықтарды басқаға қайта беру жолымен өтеу сомасы;
2) шығындарды (шығыстарды) жабуға мемлекеттік бюджет қаражатынан алынған сомалар;
3) сақтандырылған тіркеп-белгіленген активтер жоғалған, бүлінген кездегі сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтанушыға, сақтандырылушыға, пайда алушыға төленген немесе залал келтірген тұлға төлеген залалды өтеу сомасы;
4) жинақтаушы емес сақтандыру шарттары бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтанушыға қайтарылуға жататын немесе оған қайтарылған және бұрын сақтанушы шегерімге жатқызған сақтандыру сыйлықақыларының сомасы;
5) жеке тұлғаның оқыту шығыстарын салық төлеушіге өтеу сомасы, ол алдыңғы салықтық кезеңдерде осындай шығыстар сомасына салық салынатын кірісті азайтуды жүргізген;
6) бұрын шегерімге жатқызылған шығындарды өтеу үшін алынған басқа да өтемақылар.
2. Өтемақы түріндегі кіріс осындай өтемақы алынған салықтық кезеңде танылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-245/