НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

246-бап. Өтеусіз алынған мүлік

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Егер осы Кодекстің 242-бабында өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші өтеусіз алған кез келген мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны оның кірісі болып табылады. Заңды тұлғаның қатысушысынан өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріске, оның ішінде осындай заңды тұлғаның меншікті капиталы құрамындағы қайта бағалаудан болатын құн өсімі есебінен заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайту жолымен осындай заңды тұлғаның жарғылық капиталына салымды ұлғайту жатады.
2. Өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс осындай мүлік алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген салықтық кезеңде танылады.
3. Өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түріндегі кірістің мөлшері халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша, бірақ беруші тараптың құжаттарында көрсетілген қосылған құн салығы ескеріле отырып, осындай мүлікті беруге байланысты ресімделген құжатта көрсетілген құннан төмен емес болып айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-246/