НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

247-бап. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін кіріс

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан алынатын оң нәтиже кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін кіріс деп танылады. Мұндай нәтиже кәсіпорынды өткізу күнгі бухгалтерлік есепке алу деректері негізінде мынадай формула бойынша айқындалады: кәсіпорынды (кәсіпорынның бір бөлігін) мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша өткізу құны алу берілетін активтердің баланстық құны қосу берілетін міндеттемелердің баланстық құны. Егер алынған нәтиже теріс болып табылса, онда ол осы Кодекстің 258-бабының 11-тармағына сәйкес шегерімге жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-247/