Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
250-бап. Жалпы ережелер
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Құн өсімінен түсетін кіріс:
1) амортизацияға жатпайтын активтерді өткізу;
2) амортизацияға жатпайтын активтерді жарғылық капиталға салым ретінде беру;
3) амортизацияға жатпайтын активтердің бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылу нәтижесінде шығып қалуы кезінде құралады.
2. Осы параграфтың мақсаттарында амортизацияға жатпайтын активтерге активтердің мынадай түрлері жатады:
1) жер учаскелері;
2) аяқталмаған құрылыс объектілері;
3) орнатылмаған машиналар мен жабдықтар;
4) тіркеп-белгіленген активтерге, запастарға немесе цифрлық активтерге жатпайтын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер жатады. Осы тармақшада көзделген активтерге, оның ішінде сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер жатады;
5) инвестициялық алтын;
6) бағалы қағаздар;
7) қатысу үлесі;
8) құны толығымен шегерімге жатқызылған активтер.
3. Амортизацияға жатпайтын активтер құнының өсімінен түсетін кірісті айқындау тәртібі:
қатысу үлесі бойынша – осы Кодекстің 251-бабында;
бағалы қағаздар бойынша – осы Кодекстің 252-бабында;
құны толығымен шегерімге жатқызылған активтер бойынша – осы Кодекстің 253-бабында;
амортизацияға жатпайтын өзге де активтер бойынша – осы Кодекстің 254-бабында белгіленген.
4. Құн өсімінен түсетін кіріс:
1) амортизацияға жатпайтын активті өткізу жүзеге асырылған;
2) амортизацияға жатпайтын актив жарғылық капиталға салым ретінде берілген;
3) амортизацияға жатпайтын актив бірігу, қосылу, бөліну жолымен қайта ұйымдастырылу нәтижесінде шығып қалған кезде таратудың салықтық есептілігі ұсынылған;
4) амортизацияға жатпайтын актив бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылу нәтижесінде шығып қалған кезде бөлу балансы бекітілген салықтық кезеңде танылады.
5. Амортизацияға жатпайтын актив жарғылық капиталға салым ретінде берілген құн осындай активтің қабылданғанын және берілгенін растайтын құжат негізінде, бірақ осы актив төлеу есебіне берілген сомадан аспайтын сомада айқындалады.
6. Осы Кодекстің мақсаттары үшін жарғылық капиталға салым жарғылық капиталға қосымша салымды қамтиды.
7. Цифрлық активтер құны өсімінен түсетін кіріс осы Кодекстің 326-бабына сәйкес айқындалады.
8. Егер осы баптың 2-тармағында көзделген активтің құны шетел валютасында көрсетілсе және (немесе) операция шетел валютасында жүргізілсе, құн өсімі активтің құны көрсетілген және (немесе) операция жүргізілген валютада айқындалады және содан кейін мұндай құн өсімі осы баптың 4-тармағында көрсетілген тиісті күнге белгіленген валютаның ресми бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-250/