НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

254-бап. Амортизацияға жатпайтын өзге активтер бойынша

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

құн өсімінен түсетін кіріс
1. Осы баптың ережелері амортизацияға жатпайтын мынадай активтер бойынша қолданылады:
1) жер учаскелері;
2) аяқталмаған құрылыс объектілері;
3) орнатылмаған машиналар мен жабдықтар;
4) тіркеп-белгіленген активтерге немесе запастарға жатпайтын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер. Осы тармақшада көзделген активтерге, оның ішінде сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер жатады;
5) инвестициялық алтын.
2. Активтің шығып қалуынан алынған нәтиже оң немесе теріс мәнге ие болуы мүмкін және активтің әрбір түрі бойынша шығып қалудың әрбір операциясы бойынша мынадай тәртіппен айқындалады:
1) өткізу кезінде – активті өткізу құны мен оның бастапқы құны арасындағы айырма;
2) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде – активтің жарғылық капиталға салым ретінде берілген құны мен оның бастапқы құны арасындағы айырма;
3) заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалу кезінде – беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген активтің құны мен оның бастапқы құны арасындағы айырма.
3. Корпоративтік табыс салығын есептеу мақсаттары үшін «Астана Хаб» қатысушылары қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруы кезінде зияткерлік меншік объектісінің шығып қалуынан алынған нәтиженің теріс мәні есепке алынбайды.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, салықтық кезеңде активтердің әрбір түрі бойынша шығып қалудың операциясынан алынған нәтижелердің жалпы сомасы: егер мұндай сома оң мәнге ие болса, құн өсімінен түсетін кіріс; егер мұндай сома теріс мәнге ие болса және осы Кодекстің 338, 340, 341, 343 және 344-баптарында белгіленген тәртіппен есепке алынса, шығып қалудан келетін залал деп танылады.
5. Егер осы баптың 6-тармағында өзгеше көзделмесе, активтердің бастапқы құны мынадай көрсеткіштердің сомасы ретінде айқындалады:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес активтердің құнына енгізілетін сатып алуға, өндіруге, салуға арналған шығындардың жиынтығы немесе егер активтер жарғылық капиталға салым ретінде алынған жағдайда – активтің жарғылық капиталға салым ретінде алынған, бірақ ол төлеу есебіне алынған сомадан аспайтын құны. Мұндай құн салымның алынғанын және активтің алынған құнын растайтын құжаттар (қабылдау-беру актісі және (немесе) өзге де құжаттар) негізінде айқындалады, немесе егер активтер қайта ұйымдастыру нәтижесінде алынған жағдайда – беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген активтің құны, немесе егер активтерді акционер (қатысушы, құрылтайшы) заңды тұлға таратылған немесе жарғылық капитал азайтылған, сондай-ақ заңды тұлға құрылтайшыдан, қатысушыдан осы заңды тұлғаға қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатып алған, эмитент-заңды тұлға осы эмитент шығарған акцияларды акционерден сатып алған кезде, мүлікті бөлу нәтижесінде алған жағдайда – мүлікті бөлу кезінде акционер, қатысушы, құрылтайшы алатын (алған), оның ішінде бұрын енгізілгеннің орнына алатын (алған) активтің, осындай активтің қабылданғанын-берілгенін растайтын және тараптардың қолтаңбаларымен куәландырылған құжатта көрсетілген қайта бағалау мен құнсыздану есепке алынбастан, беруші тұлғаның бухгалтерлік есепке алуында көрсетілуге жататын (көрсетілген) беру күніндегі баланстық құны, немесе егер активтер өтеусіз алынған жағдайда – осы Кодекске сәйкес жылдық жиынтық кіріске өтеусіз алынған мүліктің құны түрінде енгізілген құн,
2) мыналардан: осы Кодекстің 286-бабының 2), 13) және 16) тармақшаларында және 287-бабында көрсетілген шығындардан (шығыстардан); амортизациялық аударымдардан басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес активтердің құнын, оның ішінде танылғаннан кейін де ұлғайтатын басқа да шығындар.
6. Егер осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген актив бұрын тіркеп-белгіленген активтердің құрамында есепке алынған болса, онда оның бастапқы құны мынадай тәртіппен айқындалады: қайта бағалау мен құнсыздану есепке алынбастан, тіркеп-белгіленген активтер құрамынан шығып қалған күнге осындай активтің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған баланстық құны қосу мыналардан: осы Кодекстің 286-бабының 2), 13) және 16) тармақшаларында және 287-бабында көрсетілген шығындардан (шығыстардан); амортизациялық аударымдардан басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес осы активтің құнын тіркеп-белгіленген активтер құрамынан алып тасталғаннан кейін де ұлғайтатын басқа да шығындар.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-254/