Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
255-бап. Жылдық жиынтық кірісті азайту
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 241. Корректировка совокупного годового дохода
· толық сәйкестік кестесі
1. Салық салынатын кірісті айқындау мақсатында салық төлеушінің жылдық жиынтық кірісі мынадай кірістерге азайтылуға жатады:
1) Қазақстан Республикасында бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесі алған дивидендтерден басқа, осы Кодекстің 681-бабының 7) тармақшасында айқындалған шарттарға сәйкес келмейтін дивидендтер;
2) цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаның цифрлық майнинг бойынша қызметтен түсетін кірісі осы Кодекстің 325-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалған цифрлық активтерді өткізуден түсетін кірісі;
3) сенімгерлік басқару құрылтайшысы алған (оның алуына жататын), мүлікті сенімгерлік басқарудан түсетін таза кіріс;
4) осы Кодекстің 329-бабының 1-тармағында көзделген коммерциялық емес ұйымның кірістері;
5) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламасына, ҰКП операторы болып табылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бағдарламаларға сәйкес кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қаржылық емес қолдау түрінде бюджет қаражаты есебінен алынған көрсетілетін қызметтердің құны.
2. Салық салынатын кірісті айқындау мақсатында осы тармақта көзделген салық төлеушілер жылдық жиынтық кірісті мынадай кірістерге азайтады:
1) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабында көрсетілген екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның кірістері;
2) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымнан осындай ұйымға бұрын берілген, кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты екінші деңгейдегі банк алған талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кірістер.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-255/