Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
259-бап. Қосылған құн салығын төлеушілердің
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
қосылған құн салығын шегеруі
1. Осы бап қосылған құн салығын төлеушіні салық төлеушілер базасында тіркеу есебіне қою жүргізілген салық төлеушінің қосылған құн салығының, оның ішінде сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнында есепке алынатын сомаларын шегерімге жатқызу тәртібін айқындайды.
2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер құнында қосылған құн салығы бойынша мынадай шығындар есепке алынады:
1) осы Кодекстің 482-бабының 1-тармағына сәйкес есепке жатқызуға жатқызылмайтын қосылған құн салығының сомасы;
2) осы Кодекстің 489-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы;
3) осы Кодекстің 484-бабы 2-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығын азайту жағына қарай түзету сомасы.
3. Қосылған құн салығын төлеуші, егер бухгалтерлік есепке алуда мұндай салық сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнында есепке алынбаса, осы Кодекстің 488-бабына және 489-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасын шегерімдерге жатқызуға құқылы. Шегерім есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығы туындайтын салықтық кезеңде жүргізіледі.
4. Қосылған құн салығын төлеуші есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығын:
1) егер тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер кіріс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылса (пайдаланылатын болса), салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылмаған мұндай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша осы Кодекстің 484-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына;
2) амортизацияға жатпайтын активтерді жарғылық капиталға салым ретінде беруді қоспағанда, жарғылық капиталға салым ретінде берілген мүлік бойынша осы Кодекстің 484-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында сәйкес жүргізілген азайту жағына қарай түзету сомасын шегерімге жатқызуға құқылы.
Шегерім есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығының сомасы түзетілуге жататын салықтық кезеңде жүргізіледі.
5. Салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылмаған немесе жарғылық капиталға салым ретінде берілген, амортизацияға жатпайтын активтер бойынша осы Кодекстің 484-бабы 2-тармағының 1) және 4) тармақшаларына сәйкес есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығын азайту жағына қарай түзету сомалары осы Кодекстің 253 және 254-баптарына сәйкес көрсетілген активтердің бастапқы құнында ескеріледі.
6. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 314-бабына сәйкес құны шегерімге жатқызылуға жататын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер жөніндегі қосылған құн салығы бойынша қолданылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-259/